Найти в Дзене

ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз қақтығысы және Орман хан (қазақ-қырғыз дауы)

Қырғызстанның танымал әншілерінің бірі Қайрат Примбердиевтің өз атынан қырғыздар мен Орман ханның Кенесары ханды өлтіргеніне өз атынан кешірім сұрауы көршілес елде әлеуметтік желі арқылы ұлтшылдық сипаттағы көзқарастағы посттарды жиілеткені белгілі. Кейбір сарапшылардың айтуынша бұл науқан Қырғызстанның мәдениет вице-министрінің демеушілігімен басталған дейді.

Қазақ пен қырғыз халықтарын араздастыратын оқиғалардан гөрі біріктіретін жәйттар көп. Екі халықта түркі халықтар тобына жатып, бірін-бірі "қазақ-қырғыз бір туған дейді". "Бір туған" түсінігінің мәні - екі халықта тарихи, мәдени жағынан бір-бірімен ұқсас, ортағасырда өмір сүрген Түркі қағанатынан шықты десе керек.

- Қазақ пен қырғыз бірігіп, жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрып, 1858 жылы Қоқан хандығына көтерілсе, 1916 жылы Ресей империясының отаршылдығына қарсы біріккен.

- Екі халық үшінде Алатау тауы бірдей қасиетті, шекаралас елді-мекендерде аттас өзендер, таулар, елді-мекендер бар.

- Әншілер бірдей деңгейде екі халықтың әндерін айтып, бір елден - екінші елге гастрольге барып жатады.

- Жыл сайын мыңдаған Қазақстандық туристер қыз мезгілінде Қырғызстанның таулы курортары мен жаз мезгілінде Ыстықкөлге тынығуға барады.

- Қазақстанда - Қырғызстанның сүт өнімдері өте танымал.

- Қазақстанның астанасында қырғыз халқының бас эпосы Манастың басты кейіпкеріне ескерткіш орнатылған.

- Қырғызстанда - қазақтың халқының ғалымдары Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовке ескерткіштер орнатылған.

- Екі мемлекеттің кәсіпкерлері бір-біріне қаржылай инвестиция құйып жатады.

Осылайша екі халықты біріктіретін жәйттарды айта берсе, біраз әңгіме шығатындығы анық.

  • Алайда, ХІХ ғасырдағы оқиғалар екі халықтың арасына салқын салады. 180 жылдай өтсе, екі халықтың арасындағы әсіреұлтшылдар өздерінің танымалдығы үшін үнемі айтып отырады.

Осындай жағдай биылда орын алды. Былтырғы Астана қаласындағы көшпелілер ойынындағы көкпар тартысынан кейін, биыл Қырғызстанның танымал әншісі Қайрат Примбердиевтің екі халықты татуластыру мақсатындағы Қазақстандың Айран арнасына берген сұхбатында өз атынан қазақ халқының ақырғы ханы, ұлт-азаттық қозғалыс көсемі Кенесары Қасымұлының өліміне өз атынан кешірім сұраған болатын.

  • Әлеуметтік желіде кең тараған сұхбат, Қырғызстанда әсіреұлтшылдардың әсерімен қолдан жасалынған арандатушылыққа әкелді.
  • Қырғыз блогерлері, ірі қалаларда қырғыз азматтарынан сұхбат алуды бастап, тарихи оқиғаларға біржақты баға беруде.

Сөзсіз ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейін қазақтар мен қырғыздар арасындағы соғыс қимылдары жүргені белгілі.

Бұл оқиғаның басталуына қырғыз тарапы - Кенесары ханды айыптаса, қазақ тарапы - Орман ханды айыптайды.

  • Оқиғаға бейтарап, тәуелсіз баға беруге тырысқан қырғыз тарихшысы Б. Солтанаев өз еңбегінде қырғыз бен қазақтар арасындағы қақтығысқа - қырғыздардың Кенесары ханның жайылымда жүрген жылқыларын қырғыздардың барымталауы себепші болды дейді.
  • Ал ХІХ ғасырдағы оқиғаны бірнеше жыл өткеннен кейін естіген қазақ халқының ағартушы ғалымы қазақ және қырғыз қақтығысына қырғыз ханы Орманның Жетісу жеріне шапқыншылығы мен Қаскелең өзенінің бойындағы жазалау шарасы себепкер болды дейді.

Қазақстан Республикасының Алматы облысының Қарасай ауданында қырғыздар мен Қоқандықтарға қарсы күрескен халық батырлары Саурық пен Сұраншы батырларға ескерткіш орнатылған. Саурық батыр қырғыздармен болған соғыста қаза тапқан.

Оқиғалардың басталуына себепші болған

ХІХ ғасырдың 40 жылдары екі халық үшінде ұқсас оқиғаларға толы

  • 1841 жылы Қазақ жерінде ұлт-азаттық қозғалыс барысында Кенесары Қасымұлы Қазақ хандығын қалпына келтірсе -
  • 1842 жылы Солтүстік Қырғыз жерінде Орман қырғыз ақсүйектерінің құрылтайын шақырып, қырғыз мемлекеттілігін қалпына келтіріп, Қоқан хандығынан парваначи лауазымын иеленген болатын.

Екі тұлғаның өздері қалпына келтірген мемлекеттерінің шекарасын анықтау мен қарамағындағы көшпелі халыққа жайылымдық жер тауып беруде жасаған қадамдары көрші халықтар арасында үлкен қақтығысқа әкелді.

- Кенесары ханның Жетісу жеріне келіп, қырғыздармен соғысуына Рүстем сұлтанның Әулиеата бойындағы қырғыздардың шапқыншылығына душар болуы себепкер болды дейді ҚазақКСР тарихшысы Е. Бекмаханов.

- Қазақ халқының Сұраншы батыр жырында қазақтардың - қырғыз ханы Орманмен соғысы баяндалған.

ХІХ ғасырдағы қазақ және қырғыз халықтарының арасындағы қақтығысқа себепкер болған тұлғалардың бірі қырғыз ханы Орман кім?

Шамамен 1792 жылы Қырғызстанның солтүстігінде Сарыбағыш руы алып жатқан аймақта туған. Жас кезіндегі өмірі туралы нақты ақпарат аз.

1842 жылы Жалпықырғыз құрылтайында хан сайланған манап, ықпалды саяси тұлға.

  • Шыңғыс әулетінен шыққандар ғана хан атағын иеленетіндігіне сенетін түркі-моңғол дәстүрді ұстанатындар Орман ханды - хан есебінде мойындамайды.
  • Алайда, Шағатай әулетінің аймағында мекендеген қырғыз халқын ешқашан Шыңғыс әулетінен шыққан хандар басқармаған.
  • Орман хан ешқашан Қоқан хандығынан Тәуелсіздігін жарияламағандықтан және осы мемлекеттік лауазымын иеленгендіктен Тәуелсіз мемлекет құрмады деушілер бар.
  • Орыс және Қоқан ресми өкілдері Орман ханды тек манап есебінде ғана мойындаған.

Бірақ бұл уәждерді қазіргі қырғыз азаматтары мен қырғыз тарихшылары мойындамайтындығы анық.

1842-1854 жылы Қырғыз руларының ханы атанған Орман хан 1845-1847 жылы Кенесары ханмен соғысып жеңіп, 1850 жылдарға дейін Жетісу жеріндегі рулармен шекаралық қақтығыстар жүргізген. Ресей империясынанда марапаттар иеленген.

  • Қазақ фольклорындағы ауызша тараған дастандар мен батырлар жырында Орман ханды жағымсыз бейнеде көрсетеді.
  • Алайда, көршілес елде қырғыз мемлекетін уақытша қалпына келтірген Орман хан ұлттық батыр. Басқыншылыққа тойтарыс берген тұлға.
  • Дегенімен, Орман хан ішкі саясатта өз заңдарын орнықтыруға тырысқан, бағынғысы келмеген руларды жазалағаны белгілі. Оған, Орман хан 1854 жылы қырғыздардың бұғы руына шапқыншылық жасау барысында қаза тапқандығы мысал бола алады.

Қырғыз тарапы, Кенесары ханды басқыншы есебінде қарастырып, шекаралық қақтығысқа қазақтар тарапын айыптайды.

ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз шекаралық қақтығысында әліде ақтаңдақтар көп. Тақырып әлі толық зерттелмеген.

Сурет ғаламтордан алынды

ХІХ ғасырдағы қазақ және қырғыз халықтарының шекаралық қақтығысы эмоцияға беріліп, әсіреұлтшылдыққа салынып талқылайтын мәселелердің бірі емес. Әсіреұлтшылдыққа салынған сайын оқиғалар бұрмаланып, тұлғалар бір жақты бағаланып,халықтар арасындағы татулыққа жік түсуі мүмкін.

P.S. Екі халықты жақындату үшін әнші Қайрат Примбердиев сынды азаматтар көптеп керек