Найти в Дзене

ХІХ ғасырдағы Италияның бірігуі - Германияның бірігуінен несімен ерекшеленеді?

Әлбетте, ХІХ ғасырда Еуропада қайта құрылған Италия және Германия мемлекеттерінің бытыраңқылықты жойып, ұлттық бірлікке қол жеткізуі ұқсас келеді. Екі мемлекетте "жоғарыдан" (билеуші топтардың) ұлт-азаттық күрес жолымен және "төменнен" (төменгі тап өкілдерінің революциялық күрес) жолымен бірігу үрдісін қолдайтын азаматтардың өзара күресі арқылы біріккені белгілі. Алайда, Германдықтар мен Италяндықтар 1848-1849 жылдардағы революциялық күресті бірдей бастан кешіргенімен - Германияда бытыраңқы жерлердің ұлттық парламенті шақырылып, нәтиже жетпей тарағаны белгілі. Бірақ Италияда "төменнен" бірігу үрдісі 1870 жылы Гарибальдишылдардың Рим қаласын басып алумен аяқталды. Дегенімен, "төменнен" елді біріктіруді көздеп революциялық өзгерістерді насихаттаған Мадзинишілер мен Гарибальдишілер елді Республикалық басқаруға көшіре алмады. Италия Пьемонт графтығының бастауымен "жоғарыдан" бірікті. Италия Пьемент графтығының аясына біріксе де - ұлттық бірігуге, басқыншыларды елден қуып шығуға Гарибальдиш

Әлбетте, ХІХ ғасырда Еуропада қайта құрылған Италия және Германия мемлекеттерінің бытыраңқылықты жойып, ұлттық бірлікке қол жеткізуі ұқсас келеді.

Екі мемлекетте "жоғарыдан" (билеуші топтардың) ұлт-азаттық күрес жолымен және "төменнен" (төменгі тап өкілдерінің революциялық күрес) жолымен бірігу үрдісін қолдайтын азаматтардың өзара күресі арқылы біріккені белгілі.

Алайда, Германдықтар мен Италяндықтар 1848-1849 жылдардағы революциялық күресті бірдей бастан кешіргенімен - Германияда бытыраңқы жерлердің ұлттық парламенті шақырылып, нәтиже жетпей тарағаны белгілі.

Бірақ Италияда "төменнен" бірігу үрдісі 1870 жылы Гарибальдишылдардың Рим қаласын басып алумен аяқталды.

Дегенімен, "төменнен" елді біріктіруді көздеп революциялық өзгерістерді насихаттаған Мадзинишілер мен Гарибальдишілер елді Республикалық басқаруға көшіре алмады.

Италия Пьемонт графтығының бастауымен "жоғарыдан" бірікті.

Италия Пьемент графтығының аясына біріксе де - ұлттық бірігуге, басқыншыларды елден қуып шығуға Гарибальдишілердің жасаған жорықтары басты рөл атқарды.

Ал Германияның бірігу үрдісі толыққанды Пруссия корольдігінің көрші елдермен соғысуы арқылы жүзеге асты.

Сондықтан болса керек Джузеппе Гарибальди сынды төменнен біріктіруді насихаттаған азаматтар Италия корольдігінің ұлттық батыры деңгейінде насихатталып, құрметтелінді. Джузеппе Гарибальди халық қолдауымен Пьемонт графтығының бас министрі Камилло Кавурдың есімімен бірдей деңгейде жетті.

Джузеппе Гарибальдидың арқасында Италиян корольдігінде католик шіркеуінің ықпалы біраз шектеліп, ұлттық бірігуге атсалысқан ардагерлерге мемлекеттік қолдау білдіріліп, елде буржуазиялық реформалар жүзеге асты.

Германияда мұндай үрдіс жүзеге аспай, бүкіл өзгерістер тек жоғарғы тап өкілдеріне қарай бағытталды. Германияны біріктіруде Пруссия корольдігінің канцлері Отто фон Бисмаркқа қарсы ешкім балама түрде ойды жеткізіп,елді төменнен біріктірудің революциялық қозғалысын жалғастырған жоқ

Сурет ғаламтордан алынды