Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

ХІХ ғасырдың екінші жартысында бытыраңқы неміс жерлерінің бір орталыққа бірігуінің себебі

Әлемде бір тілде сөйлейтін бірнеше халықтар бар. Кейде бұл халықтар өзінің тұрғылықты жерінің алшақтығымен және тарихи себептерге байланысты бір тілде сөйлейтін ағайындастарымен бір ұлт есебінде қабылдамай жатады. Мысалы: Ағылшын тілінде сөйлейтін американдықтар өздерін ағылшындар емес американдықтар есебінде қабылдайды. Ағылшын тілінде сөйлейтін австриялықтарда өздерін ағылшындар емес австриялықтармыз дейді. Португал тілінде сөйлейтін Бразилиялықтарда өздерін португалдықтармыз демейді. Латын Америкасында орналасқан испан тілінде сөйлейтін халықтарда өздерін испандықтар емес Венесуэлалықтар, мексикандықтар, колумбиялықтармыз деп есептейді. Осыларға ұқсас жағдай неміс тілінде сөйлейтін Еуропа халықтарында да қалыптасқан. Неміс тілінде сөйлейтін Люксембург, Лихтенштейн, Австрия, Германия тұрғындары өздерін жеке ұлт есебінде қарастырады. ІХ ғасырда Ұлы Франк империясының ыдырауының нәтижесінде құрылған Неміс халқының Қасиетті Рим империясы өзінің жаулаушылық жорықтарының нәтижесінде өз а

Әлемде бір тілде сөйлейтін бірнеше халықтар бар. Кейде бұл халықтар өзінің тұрғылықты жерінің алшақтығымен және тарихи себептерге байланысты бір тілде сөйлейтін ағайындастарымен бір ұлт есебінде қабылдамай жатады.

Мысалы: Ағылшын тілінде сөйлейтін американдықтар өздерін ағылшындар емес американдықтар есебінде қабылдайды.

Ағылшын тілінде сөйлейтін австриялықтарда өздерін ағылшындар емес австриялықтармыз дейді.

Португал тілінде сөйлейтін Бразилиялықтарда өздерін португалдықтармыз демейді. Латын Америкасында орналасқан испан тілінде сөйлейтін халықтарда өздерін испандықтар емес Венесуэлалықтар, мексикандықтар, колумбиялықтармыз деп есептейді.

Осыларға ұқсас жағдай неміс тілінде сөйлейтін Еуропа халықтарында да қалыптасқан. Неміс тілінде сөйлейтін Люксембург, Лихтенштейн, Австрия, Германия тұрғындары өздерін жеке ұлт есебінде қарастырады.

ІХ ғасырда Ұлы Франк империясының ыдырауының нәтижесінде құрылған Неміс халқының Қасиетті Рим империясы өзінің жаулаушылық жорықтарының нәтижесінде өз аумағын кеңейтіп, неміс тілінде сөйлейтін халықтарын көлемін арттырды.

ХІІ ғасырдан бастап бырыаңқылықты бастан кешіріп жатқан Қасиетті Рим империясының оңтүстік аймақтарды дамытуы - солтүстік аймақтардағы неміс жерлерін экономикалық жағынан артқа қалуға себепші болды.

Осының негізінде XVI ғасырда Қасиетті Рим империясына қарасты Германия аймақтарында экономикалық тәуелсіздікке ұмтылған реформация қозғалысы басталды.

ХІІІ ғасырдан бастап Қасиетті Рим империясының бытыраңқылануын шығыстағы енді ғана қалыптасып келе жатқан Пруссия корольдігі пайдаланып қалуға тырысты.

ХІХ ғасырда басталған Наполеон жорықтары Вена қаласында билік құрып отырған Габсбург әулетіне Қасиетті Рим империясының тәжінен бас тартуға мәжбүрледі.

Бытыраңқы Германия жерлері шартты түрде Габсбург әулетінен Тәуелсіздікке ие болды.

Ұлттық оянуды бастан кешіріп жатқан Германиялық немістер саяси-экономикалық тәуелсіздікке ұмтыла бастады.

25 бытыраңқы мемлекеттің бір елге бірігуі оңайға соқпады.

  • Австрия империясының Наполеон соғыстары мен 1848-1849 жылдардағы революциялық толқулардан әлсіреуі 1500 жылдай бытыраңқылықта өмір сүрген Италиян жерлерінің бірігу қозғалысын тудырды.
  • Ұлттық бірлікке Австрия империясының әлсіреуін пайдалануы арқылы қол жеткізуге болатындығын сезінген Германдықтар Италияндықтардың үлгісімен бір мемлекеттің аясында бірігіп, азаттық қозғалысқа шықты

Сурет ғаламтордан алынды