Найти в Дзене

Жеңіс – халықтар бірлігінің жемісі

Тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде халықтардың бірлігі мен ынтымағы үлкен сынақтардан өтті. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде сан ұлт өкілдерінің тізе қосып, ортақ жауға қарсы күресуі осының айқын дәлелі болды. Жеңіс – тек қарудың күшімен ғана емес, халықтардың ауызбіршілігі, ортақ мақсат жолындағы бірлігі мен табандылығының нәтижесінде келген ұлы жетістік. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының құрамындағы барлық халықтар майдан мен тылда бір кісідей еңбек етті. Қазақ, орыс, украин, беларус, өзбек, татар, грузин және басқа да ұлт өкілдері қан майданда ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар да бұл жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Статистикаға сүйенсек, 1 миллион 200 мың қазақстандық майданға аттанып, олардың 600 мыңнан астамы қайтып оралмады. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Рахымжан Қошқарбаев сынды қазақтың қайсар батырлары Отан үшін жанын пида етіп, өшпес ерлік жасады. Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ сарбаздары да аз емес. Сондай-ақ Әлия Молдағұлова мен Мә

Тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде халықтардың бірлігі мен ынтымағы үлкен сынақтардан өтті. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде сан ұлт өкілдерінің тізе қосып, ортақ жауға қарсы күресуі осының айқын дәлелі болды. Жеңіс – тек қарудың күшімен ғана емес, халықтардың ауызбіршілігі, ортақ мақсат жолындағы бірлігі мен табандылығының нәтижесінде келген ұлы жетістік. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының құрамындағы барлық халықтар майдан мен тылда бір кісідей еңбек етті. Қазақ, орыс, украин, беларус, өзбек, татар, грузин және басқа да ұлт өкілдері қан майданда ерлікпен шайқасты.

Қазақстандықтар да бұл жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Статистикаға сүйенсек, 1 миллион 200 мың қазақстандық майданға аттанып, олардың 600 мыңнан астамы қайтып оралмады. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Рахымжан Қошқарбаев сынды қазақтың қайсар батырлары Отан үшін жанын пида етіп, өшпес ерлік жасады. Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ сарбаздары да аз емес. Сондай-ақ Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова сияқты қазақ қыздары да ерлік танытып, өшпес даңққа бөленді.

Соғыс тек майдан даласында жүріп қана қойған жоқ, тылда да орасан зор еңбек атқарылды. Қазақстан майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен, қару-жарақпен қамтамасыз еткен маңызды аймақтардың бірі болды. Соғыстың алғашқы жылдарында Кеңес Одағының батыс бөлігінен көшірілген 220-дан астам зауыт пен фабрика Қазақстанға қоныс аударды. Бұл өндіріс орындарында жергілікті халық пен эвакуацияланған жұмысшылар күндіз-түні еңбек етті. Әсіресе, әйелдер, қарттар мен балалар соғысқа кеткен ер азаматтардың орнын басып, тылда тынымсыз жұмыс істеді. Қазақстан жеріне түрлі халықтар эвакуацияланып, бірлік пен достықтың тамыры одан әрі тереңдей түсті. Сол кездегі халықтың кеңпейілділігі мен қонақжайлылығы мыңдаған адамдардың аман қалуына көмектесті. Осылайша, Ұлы Жеңіс – тек майдангерлердің ғана емес, барша халықтың ортақ жеңісі болды.

Жеңістің басты сабағы – бейбітшілік пен ынтымақтың маңызын терең түсіну. Тарих көрсеткендей, халықтың бірлігі мен татулығы кез келген қиындықты жеңуге септігін тигізеді. Қазіргі таңда да халықтар достастығы мен бірлігі Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі болып саналады. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүріп жатыр. Бұл – өткен тарихтан қалған үлкен сабақтың бір көрінісі.

Мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі – ұлтаралық татулық пен бейбіт өмірді сақтау. Қазақстан Республиасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел бірлігінің берекесін арттырып, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше мән беруде. Тарихтан белгілі болғандай, бірлігі жарасқан ел ғана болашаққа нық қадам баса алады. Қазақстан бүгінде экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан тұрақты мемлекет ретінде танылып келеді. Бұл – ел халқының ынтымақ-бірлігінің арқасында жеткен жетістік. Бірлік пен татулық – тек өткен тарихта ғана емес, қазіргі күннің де ең басты қағидаларының бірі. Әлемде тұрақсыздық пен қақтығыстар орын алып жатқан кезде, Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің құндылығы арта түсуде. Біздің міндетіміз – осы құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету.

Қорытындылай келе жеткізгім келгені, Жеңіс – халықтардың бірлігі мен ортақ мақсатқа жұмыла білуінің нәтижесі. Бұл – тарихтың ұмытылмас сабағы. Бізге бейбіт өмірдің қаншалықты қымбат екенін түсініп, оны қадірлеу қажет. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтардың ынтымағы мен достығы бүгінгі күнде де біз үшін үлгі болуы тиіс. Болашағымыз жарқын болуы үшін әрбір азамат ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықты сақтауға өз үлесін қосуы керек. «Береке бастауы – бірлік» демекші, бірлігіміз бекем болса, мемлекетіміздің болашағы да жарқын болмақ.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның 1 курс студенті Тлектес Ж.

Жетекші: т.ғ.д., Сайлан Б.