Найти в Дзене

Неліктен қазіргі замандағы көшпелілердің этнографиялық өмірін бақылау бұрыңғы көшпелілердің өмірін тануға көмектеседі?

Қазіргі көшпелі ғұрыппен өмір сүретін халықтардың саны азайып, көлігі өзгергенімен баспанасы мен өсіретін малы, жан-жануары өзгермегені белгілі. Сібірді жәйләп, бұғы өсіретін тайпалар/ халықтар әлікүнге өздерінің дәстүрлі баспанасында тұрады. Нартыларымен бұғы бағып, үлкен қашықтыққа қатынайды. Осы секілді Африканы мекендейтін көшпелі бербер тайпаларымен араб бедуиндерінің тіршілігінде тұтынатын заттары мен көлігі жаңарғанымен сол баяғыша жиналымалы ас-саду немесе аш-шаар палаткаларында тұрады. Осыдан 100 жыл бұрын, тіпті 200 жыл бұрында көшпелі араб бедуиндері аш-шаар палаткаларында тұрған. Түйе өсіріп құдықтан-құдыққа көшіп жүрген. Орталық Азияны мекендейтін киіз туырлықты көшпелі халықтардың тыныс-тіршілігіде бір-бірімен ұқсас. Маусым сайын көшіп жүреді. Әрине, қазақтар мен қырғыздар бұрыңғыша төрт мезгілде көшіп жүрмейді. Қой қырқу, мал төлдету өзгермеген қалыпта. Моңғолдардың, қазақтардың, қырғыздардың, түркімендердің, ноғайлардың, қарақалпақтардың баспанасы бір-біріне ұқсас келед

Қазіргі көшпелі ғұрыппен өмір сүретін халықтардың саны азайып, көлігі өзгергенімен баспанасы мен өсіретін малы, жан-жануары өзгермегені белгілі. Сібірді жәйләп, бұғы өсіретін тайпалар/ халықтар әлікүнге өздерінің дәстүрлі баспанасында тұрады. Нартыларымен бұғы бағып, үлкен қашықтыққа қатынайды. Осы секілді Африканы мекендейтін көшпелі бербер тайпаларымен араб бедуиндерінің тіршілігінде тұтынатын заттары мен көлігі жаңарғанымен сол баяғыша жиналымалы ас-саду немесе аш-шаар палаткаларында тұрады. Осыдан 100 жыл бұрын, тіпті 200 жыл бұрында көшпелі араб бедуиндері аш-шаар палаткаларында тұрған. Түйе өсіріп құдықтан-құдыққа көшіп жүрген.

Орталық Азияны мекендейтін киіз туырлықты көшпелі халықтардың тыныс-тіршілігіде бір-бірімен ұқсас. Маусым сайын көшіп жүреді. Әрине, қазақтар мен қырғыздар бұрыңғыша төрт мезгілде көшіп жүрмейді. Қой қырқу, мал төлдету өзгермеген қалыпта.

Моңғолдардың, қазақтардың, қырғыздардың, түркімендердің, ноғайлардың, қарақалпақтардың баспанасы бір-біріне ұқсас келеді. Географиялық орналасуы мен маусымдық жағдайымен, діни жағдайымен және көшіп қону қашықтығына байланысты баспанасының біраз өзгергені болмаса. Мысалы, моңғолардың өзінің баспанасының есігін будда сенімі бойынша оңтүстікке - яғни, Үндістан мен Тибетке қарай бағыттаса - қазақтар мен қырғыздар шығысқа қарай бағыттайды.

Көшпелілер баспанасындағы жиһаздардың түр-сипаты өзгергені болмаса - сол баяғыша ортасында ошақ, ер адам мен әйел адамның орны өзгермеген.

Бұның себебі, көшпелі халықтар өзінің салт-дәстүрін атадан-балаға мирасқорлық ретінде қабылдай отыра өзгертпей ұстауда. Кейбір аймақтардағы көшпелі халықтар осыдан 100 жыл бұрыңғы ұлттық киімін өзгертпестен, күнделікті киініп жүреді.

Бүгіңгі көшпелікті халықтардың тұрмыс-тіршілігін этнографиялық тұрғыда зерттей отырып, осыдан бірнеше ғасыр бұрыңғы көшпелі халықтардың тыныс-тіршілігінің қандай болғандығын байқай аламыз

-2

-3

Суреттер ғаламтордан алынды