Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Неге Марокка королдігі Батыс Сахара Республикасының Егемендігін мойындамайды?

Африкадағы Еуропалық державалардың отаршылдық саясаты аймақтағы халықтар мен мемлекеттер арасында үлкен сызат түсіргені белгілі. Бір мемлекетті бірнеше Еуропалық державалардың бөліске салуды осы жағдайды ушықтырып, әлікүнге дейін шешілмейтін мәселелердің біріне айналдырған. Мемлекеттердің аумақтарға тарихи мирасқорлық әрекеті мен аумақтық жерлерге таласы Еуропалықтардың отаршылдық саясатын одан сайын күрделендіріп Осындай жағдайдың бірі Африка құрлығының батысында орналасқан Батыс Сахара мәселесі. Кезінде бұл аумаққа бірнеше мемлекеттер билік жүргізген. Испандықтар отарлап, өз иелігіне айналдырған. ХХ ғасырдың 60 жылдары басталған Африканың ояну үрдісі көптеген елдерге Тәуелсіздігін әперіп, отарсыздану үдерісін бастаған болатын. Батыс Сахара аймағынан испандықтарды қуып шығу үшін Марокка, Алжир, Ливия, Мавритания мемлекеттері көтерілісшілерді қаржыландырумен болды. Тіпті бұл аймақ үшін Марокка мен Алжир мемлекеттері өзара соғысыпта үлгерген болатын. Мавритания мемлекеті біраз уақытқа д

Африкадағы Еуропалық державалардың отаршылдық саясаты аймақтағы халықтар мен мемлекеттер арасында үлкен сызат түсіргені белгілі. Бір мемлекетті бірнеше Еуропалық державалардың бөліске салуды осы жағдайды ушықтырып, әлікүнге дейін шешілмейтін мәселелердің біріне айналдырған. Мемлекеттердің аумақтарға тарихи мирасқорлық әрекеті мен аумақтық жерлерге таласы Еуропалықтардың отаршылдық саясатын одан сайын күрделендіріп

Осындай жағдайдың бірі Африка құрлығының батысында орналасқан Батыс Сахара мәселесі. Кезінде бұл аумаққа бірнеше мемлекеттер билік жүргізген. Испандықтар отарлап, өз иелігіне айналдырған.

ХХ ғасырдың 60 жылдары басталған Африканың ояну үрдісі көптеген елдерге Тәуелсіздігін әперіп, отарсыздану үдерісін бастаған болатын.

Батыс Сахара аймағынан испандықтарды қуып шығу үшін Марокка, Алжир, Ливия, Мавритания мемлекеттері көтерілісшілерді қаржыландырумен болды. Тіпті бұл аймақ үшін Марокка мен Алжир мемлекеттері өзара соғысыпта үлгерген болатын.

Мавритания мемлекеті біраз уақытқа дейін, аймақтың оңтүстігіне өзінің таласын білдіріп, басып алған болаты. Бірақ өңірді өз уысында ұстап тұру үшін қауқары жетпей аумаққа талас жүргізуден бас тартқан болатын.

  • Ал Марокка мемлекеті болса Батыс Сахара аймағына таласын мароккандық әулеттердің осы аймақты басқарғанын негізге алады. Испандықтар Батыс Сахара аймағын осы Марокка мемлекетінен ХІХ ғасырдың 80 жылдары иемденген болатын.
  • Батыс Сахара аймағында құрылған испандықтарға қарсы ұлт-азаттық қозғалысты бастапқы кезде Марокка королдігі қаржыландырған болатын.

Алайда, 1975 жылы Марокка мемлекетінен қаржылай қолдау алып отырған Батыс Сахара көтерілісшілері испандықтармен келісімге келе отырып, аймақтың Егемендік статусын жариялап, Тәуелсіздік декларациясын қабылдаған болатын.

  • Бірақ бұған келіспеген Марокка королдігі Батыс Сахара аймағын өзінің тарихи жері, аймақта Марокка королдігінің Конституциясының орныққандығын жариялап, басып алған болатын. Марокка королі Мулай Хасан ІІ өз әскеріне Батыс Сахара аймағына тарихи әділеттілікті орнату үшін жүру өтуге бұйрық берген болатын.

Әлбетте, Марокка королі Мулай Хасан өзіне жасалған қастандықпен, саяси талас жүргізуші оппозицияның халыққа ықпалын азайту үшін Батыс Сахара аймағын тиімді пайдаланғаны белгілі.

Қазіргі кезде, Марокка королдігі басып алған Батыс Сахара аумағы Сегиет әл-Хамра және Уэд әд-Дахаб әкімшілік бірлігіне бөлінген.

Бірақ Батыс Сахара Республикасының Тәуелсіздігі үшін күресетін ПОЛИСАРИО ұйымы өз әрекетін тоқтатпай, аумақтың Тәуелсіздігі үшін күресін жүргізіп келеді.

БҰҰ Батыс Сахара аймағының Тәуелсіздігін жақтай отырып, Марокка королдігінің әрекетін басқыншы деп таниды.

  • Батыс Сахара аймағының құқықтық статусын орнықтыру үшін жыл сайын түрлі деңгейдегі конференциялар мен келіссөздер өтуде.

Бірақ Марокка королдігі шашыраңқы қоныстанған 400 мың халық саяси Тәуелсіздікке дайын емес, Батыс Сахарада Марокка азаматтары тұрады дейді.

Алжир тарапы, Марокка королдігінің Батыс Сахарада жүргізген қысымынан бассауқалаған мыңдаған бербер және араб тайпаларын өз аумағында паналатын отарғандығын мәлімдеп, Батыс Сахара аумағына Тәуелсіздік беруді жақтайды. Алжир, Африканың солтүстігінде Марокканың ықпалының артпауына мүдделі. Марокка королдігі Алжир мемлекетімен арадағы шекараны қайта қарастыруға мүдделі.

Марокка королдігі Батыс Сахарадағы қаруланған топтарды сырттан қаржыландырылатын заңсыз, ел тұтастығына нұқсан келтірушілер деп өз әрекетін Батыс Сахараға заңды тұрақтылық пен бейбітшілікті әкелушілік деп түсіндіреді.

Батыс Сахара аумағының 70%-ын бақылайтын Марокка қарулы күштері бірнеше деңгейлі қорғаныс қабырғасын тұрғызып, көрші мемлекеттермен шекараны миналап тастаған

-2

-3

Суреттер ғаламтордан алынды