Найти в Дзене
ESEN MEDIA

Маңғыстау - Машайықтың басқан жері

Маңғыстау - Машайықтың басқан жері Қасиет-кереметі тасқан жері Жер жүзін жел маямен жеті айналып Ауғанға Асан бидің асқан жері. Абылай, Әз-Жәнібек, Өлен төре, Қазаққа Қайыпалды хан кезінде Жыландай улы зҽрін шашқан жері. Хандардың қарабауыр кҽрлерінен Жыландай шаққан тілдің зәрлерінен Шерленбей жеті жұрттың қашқан жері, Көп болса ар жағы Әнес, бержағы Алаш Арасын ағайынның ашқан жері. Артынан аңдып жүріп орыс алды Ортадан ойдағыдай қоныс алды, Ханды алды, қараны алды, қаланы алды Сахара мал жайлаған даланы алды, Оқыған учительге баланы алды, Хорезм ханға барып «қайтамыз?»- деп Адайдың бір кішкене сасқан жері. Жасасын ақ советтің әділ заңы Бірлесу, бейбіт күнге айналып тұр Жаһанның жаратылыс, аспан-жері, Өндіріс, өнер, білім өркендеуде, Күшейіп мал өсіру мҽселесі Кҿмбенің кҿзін тауып атқан жері. Маңғыстау, білемісің, не қылған жер? Қашаннан қалың дҽулет бағылған жер, Қыры-егіс, суы-балық, сазы-сабын, Мысқалы мың теңгелік металы бар, Күмістей кҿмірі отқа жағылған жер. Тал шығып тауларыны
Бекет Ата
Бекет Ата

Маңғыстау - Машайықтың басқан жері

Қасиет-кереметі тасқан жері

Жер жүзін жел маямен жеті айналып

Ауғанға Асан бидің асқан жері.

Абылай, Әз-Жәнібек, Өлен төре,

Қазаққа Қайыпалды хан кезінде

Жыландай улы зҽрін шашқан жері.

Хандардың қарабауыр кҽрлерінен

Жыландай шаққан тілдің зәрлерінен

Шерленбей жеті жұрттың қашқан жері,

Көп болса ар жағы Әнес, бержағы Алаш

Арасын ағайынның ашқан жері.

Артынан аңдып жүріп орыс алды

Ортадан ойдағыдай қоныс алды,

Ханды алды, қараны алды, қаланы алды

Сахара мал жайлаған даланы алды,

Оқыған учительге баланы алды,

Хорезм ханға барып «қайтамыз?»- деп

Адайдың бір кішкене сасқан жері.

Жасасын ақ советтің әділ заңы

Бірлесу, бейбіт күнге айналып тұр

Жаһанның жаратылыс, аспан-жері,

Өндіріс, өнер, білім өркендеуде,

Күшейіп мал өсіру мҽселесі

Кҿмбенің кҿзін тауып атқан жері.

Маңғыстау, білемісің, не қылған жер?

Қашаннан қалың дҽулет бағылған жер,

Қыры-егіс, суы-балық, сазы-сабын,

Мысқалы мың теңгелік металы бар,

Күмістей кҿмірі отқа жағылған жер.

Тал шығып тауларының тарауына

Мал бітіп елдерінің қарауына.

Балбұлақ бауырында ағылған жер,

Қыс қыстап, жаз қоныста жайлау ушін

Тҿлдетіп тҿрт түлік мал айдау үшін,

Құлын-тай, бұзау, бота байлау үшін

Кіндіктен желі керіп қағылған жер.

Қыздары қызыл шарқат қия тартып

Қос сырға құлағына тағынған жер,

Ақ кҿйлек айналасын алтын зерлеп

Қынама қызыл мақпал бешпент киіп

Күнге құндыз ішік жамылған жер.

Беглерім бес жүз сомдық белбеу буып

Ат мініп арғымақтап алма мойын

Ақ бас ер, алты тоға, айшық жүген

Құйысқан омыраулы тағылған жер,

Соқтырып сом күмістен алтын шайып

Керегі кербездердің табылған жер,

«Шаруа- шаңды қиян» деген атаң

Тарихта тасқа басып жазылған жер.

Байлығы жер астының байқалғаннан

Бұрын да талай толып шайқалғаннан

Ашылып, әлденеше жабылған жер,

Маңғыстау мал өсіру мәселеде

Жан салмай жарысқанда шабылған жер.

Жерінде кереметті әулие көп

Тәкаппар тек жүрмеген тентентердің

Таулары талай рет шағылған жер.

Айыбы- азға көбі зорлық етіп

Әлдісі әлсіздерге қорлық етіп

Әріден әруаққа шалынған жер,

Шалынса шайхыларға жағынған жер,

Туына ту бие мен қошқар сойып.

От жағып рухына табынған жер.

Тарихын тауып айтсақ еліміздің

Ата-ана кіндік кескен жеріміздің

Ен байлап, кереметтер танылған жер.

Бас қосқан Байұлы, Әлім батасымен

Еншіге елімізге алынған жер,

«Жат жерге жалғыз ауыл біз келдік»- деп

Жасаған- жалғыз Хаққа жалынған жер.

Шөбінен шөккен түйе көрінбейді

Қалың шөп қарашыққа малынған жер,

Өлінің рухына тірілері

Ac беріп, ат шаптырып, ақ үй тігіп

Қой сойып, Құран оқып Құдай үшін

Бҽсеке тастан тамын салынған жер.

Ол күнде ел еншісі жер болады

Елімде жер қорғайтын ер болады,

Мінгені ерлерінің кер болады,

Аққаны ат бауырынан тер болады,

Асынып алмас қылыш, алты қару

Тҿрт бҿліп түн ұйқысын сабылған жер,

Дҽм айдап алыс жерге кеткен ерлер

Ел үшін еңбек- қайрат еткен ерлер

Келгенше кіндік кірін сағынған жер.

Қырынан қырық құлаш түбі терең

Шыңырау шығырменен қазылған жер,

Тас астау айналасы алты құлаш

Толғанда тоғыз үйір қанылған жер.

Бұл жерден кімдер кетіп, кім қалмаған?

Қара жер қаза жетсе кімді алмаған?

Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым,Қырғызы

Айладыр алтау болса, қалмақ жетеу

Ерлерден ертедегі қалынған жер...

Маңғыстау-ер Бекеттің туған жері

Кетіріп кіндік қанын жуған жері,

Кіндігін қожа, молда қолмен кесіп

Тамырын тарамыспен буған жері,

Бекетке туғаннан-ақ дұға дарып

Қастасқан жауыздарды қуған жері,

Шайхының шарағатты дұғасымен

Тентекті тек жүрмеген тыйған жері,

Халқының қара менен хандары да,

Қаптағал қалың дәулет-малдары да

Маңғыстау-үш түбекке сыйған жері,

Кешегі Отан соғысы кездерінде

Елімнің ер кепілді жігіттері

Дұшпаннан анталаған елін қорғап

Халқы үшін қасық қанын қыйған жері,

Маңғыстау-үш қиянның өрен жері

Шерленбей ниеті жұрттың кеткен жері

Иеленіп есі кеткен иесіз жерді

Атамыз Адай мекен еткен жері.

Суы сүт, шөбі шүйгін бал татиды,

Тҿлдетіп төрт түлік мал өскен жері.

Кҿл түскен күн жауғанда көлдеулерде

Ақ бидай, ақ жүгері, арпа, тары

Шалдардың шашып тұқым сепкен жері

Бөлініп Бөкей ханнан кҿшіп келіп

Ел болып ірге-қоныс тепкен жері,

Атамыз алпыс үйден аз келіпті,

Ішінде Аңпан деген Таз келіпті,

Есболай екі үй екен ере келген,

Қалғалы қар кеткесін жаз келіпті.

Аралас Адай, Беріш ақ кеп қонса

Аспанда аққу ұшып, қаз келіпті,

Шотан ер шұбар атты ұстап беріп

Аға деп Әжібайға бата айтқызып

Той қылып Адай туын тіккен жері.

Кҿк теңіз айналасы бҽрі балық,

Ем болған ауруларға дәрі балық,

Қортпасы қойдай семіз ақ балық бар

Жегенге жылқы етіндей жеңсік болған

Ішінде шоқыр, шортан, сары балық,

Қазына қара жердің қойнында көп

Байлығы жер астының тұнып тұрған

Суының беті сүлфәт дәрі болған

Теңіздің түбі терең бҽрі балық.

Қаңтарып қара суға қара қайық

Сүзгісін су бетіне құрып тастап

Киімнің шешіп судан кепкен жері.

Баяғы бай-патшаның заманында

Жалданған жарлы байға, жалғыз көпке

Жарлының жанды жапа шеккен жері.

Жасасын ақ советтің әділ заңы

Құрқұрлап қолмен ұстап асауларын

Жұмысқа жуасытып жеккен жері.

Ауданның Алматылық бірі де біз,

Байлыққа басқа ауданнан ірі де біз,

Руға ұран болған пірі де біз,

Кең дҽулет кетпейтұғын кірі де біз,

Таутайлақ, жезтырнақты атып ұстап

Хандардың қастасқан күн қанын ішіп,

Өлтірген Реукенді ері де біз.

Халқымыз қауымдасып колхоз болып,

Хат танып қалмай тегіс кҽрі-жасы

Қақпалы қақ ортадан қала салып

Дегенге еліміздің жеткен жері.

Маңғыстау-Мҽшайықтың жатқан жері

Ашылған абыройын жапқан жері,

Қаратау-қақ ортасы қасиетті,

Желіндеп жер бетіне жеміс шығып

Сүттей су бауырынан аққан жері.

Сейілхан сегіз арыс сыртымыздан

Қазақты халық емес деп шаққан жері.

Ұйғыр ұлт Қоқан ханның көмегімен

Хан бастап Харазымнан Адайларды

Аңсызда алты мезгіл шапқан жері.

Шамданып шапқындыққа шайхылары

Келгенін кедергілеп жатқан жері,

Бастығы Бақықара, Оразмеңді,

Ішінде Есен, Сүйін ерлері бар

Ел ілетін итше тістеп қапқан жері.

Ат мінген «алты бала береміз,-деп

Ел шауып Маңғыстаудан келеміз»-деп

Тәкаппар тіл тигізіп тек жүрмеген

Тентекті тізесімен қапқан жері.

Қалың қар қараша мен қауыстағы

Қан мен қар араласып қатқан жері..

Тұрмамбет Харазымнан қайтып келді

Хабарды Самдағы елге айтып келді

«Аттанып екі жүз қол кетті,-депті

Еліне Маңғыстаудың жетті,-депті

Еліріп, есірген жау, біле білсем,

Сол елге бір оқиға етті»-депті.

Батырдан бұл хабарды естігесін

Сам алды Жарқұдықта жалғыз төбе

Адайдың ұран отын жаққан жері.

Адайдың алпыс кісі аламаны

«Болады деп бір құдайдың қалағаны»

Келетін кейінгі елге қарамады,

Мінгені кілең бедеу жарағаны,

Мінуге жаман жабы жарамады.

Келген жау кері қайтар екі жол бар:

Екі сай - Ебелектің ең терісі,

Болмаса Босағаның қарағаны,

Қара оба «Қалмақ үйген» қарауылға

Қарсы алдан қайтқан жауды баққан жері,

Бастығы Балуанияз, Асар, Балта,

Арыстан, Әбілғазы, Амантұрлы,

Кездесіп кілең батыр кең далада

Қарудың қара қанға батқан жері.

Батырды Балуанияз Бақы-Қара

Оқпенен өкпесінен атқан жері,

Бақының батыр Балта басын кесіп

«Кеткен кек осылайша қайтады» деп

Қос уыс қанын ұрттап татқан жері.

Аң бас ер, арғымақ ат, ала қоржын

Қырмызы қызыл шапан, қынжал қылыш

Ерлердің елге тегіс тартқан жері.

Құла атты қой мойынды құдай үшін

«Жолына ер Бекеттің садақа» деп

Тұмарды төрт бұрышты таққан жері.

Батырбек, Балуанияз, Қармыс, Қабыл,

Төленді, Төкеш пенен Есенияз

Мырзатай, Кенжебек пен Құлбарақтай

Елдегі ер көңілді ерлерімнің

Халқы үшін қасық қанын қиып барып

Жарадан-жаудан жазым тапқан жері..

Қара ойы қасиетті Маңғыстаудың

Шерленіп жеті жұрттың жайлаған жер

Тоң қатпас тоқсанында жылы жерде

Шөп шығып шөңгесі жоқ жайнаған жер.

Жылқыны құла төбел құлындатып

Қоздатып қоңыр қойды айдаған жер.

Ақ тұмсық айыр інген алмас ҿркеш

Шудалы шошақ өркеш нағыз нарды

Желіге жел бұйдамен байлаған жер.

Идіріп қозы емгесін енелерін

Сұлы мен сүт кергесін денелерін

Тұра алмай тоқтылары жайлаған жер.

Ақ киіз, қалы кілем кіре қылып

Нарға артып ел көшкенде тайлаған жер.

Ақ жолым үйі аулының желкесінде

Сахилық салтанатқа сайлаған жер.

Маңғыста-біздің елдің жайлаған жер

Қара орман - қалың дәулет айдаған жер

Ғасырдан он алтыншы бермен қарай

Қонған ел қонысынан таймаған жер.

Мал баққан малшылардан маман шығып

Малдары апаттардан аман шығып

Еңбекші ел еріндерін майлаған жер.

Арасын аспан-жердің қолмен ұстап

Тіл бітіп темір сымнан телефонға

Бұлбұлдай патефоны сайраған жер.

Амалдың алпыс екі бәрі шығып

Кҿтеріп кҿкке ұшатын дҽрі шығып,

Үйреніп өнерпаздар осыларды

Темірден техника сайлаған жер.

Ақ орда алпыс басты әшекейлеп

Ақ киіз, ала көрпе, мамық жастық

Төрінде төсектері жайраған жер.

Ақ шәйнек, сары самаурын қызыл шоққа

Қызыл шай қыздар құйып қайнаған жер.

Сапырып саумал ішіп шөлдегенде

Бағылан ет, бауырсақты шайнаған жер,

Шасынан шешен туып шешесінен

Қайыртпай хан алдында сайраған жер.

Ер шығып елімізден екпіні зор

Қылышын қия жоны қайраған жер,

Қастасса хан ҿлтіріп тайынбастан

Оязды Реукендей жҽне ҿлтіріп

Кескегін кесе тістеп қайзаған жер.

Шенессе шет елдерді шегіндіріп

Тартыста табандары таймаған жер.

Үйінде ақсақалдар кеңес құрып

Зерделі зейіні терең адам шығып

Ақылмен алдағыны ойлаған жер.

Бас иіп, патшаға да бағынбастан

Ең кемі елу жылдай ең соңынан

Тарпаңдай тал құрықты тартып үзіп,

Бұғыдай бұғалыққа байлаған жер.

Шашақты шарқат тартқан бастарына

Шылдырлап шашбау таққан шаштарына

Шайқалтып жорға мінген астарына

Жеделдес жеңге ертіп қастарына

Сҽукеле сары алтынға малып киген

Қызыл тон қымбат бұлға алып киген

Бірігіп еліміздің жалпы жасы

Үстіне торқа киіп тойлаған жер.

Қара жер қашаннан да қара бауыр

Жаралған жанның бәрін қоймаған жер

Бұл қаза қара менен хандарды алды,

Жас сҽби, кемпір менен шалдарды алды

Жебір жер жеті қабат қарпып жалмап

Бҽріне осылардың тоймаған жер.

Балдырған балапандай балдарымыз

Жарысып құлын-тайдай ойнаған жер

Кешегі Отан соғысы кездерінде

Қарсы алып қан майданда қалмай тегіс

Алысып алты жылдай алдық жеңіс

Жеделмен жеңіп алып жедік жеміс.

Ұрысқан ұлттарымыз герман-неміс

Тоң кешіп тоғыз қабат толарсақтан

Қар кешіп қабырғадан қажымастан

Балтырдан балшық кешіп тойлаған жер.

Маңғыстау-Мҽшайықтың жатқан жері

Ағарып аппаң таңның атқан жері

Үкімет, партияның бастауымен

Іздеген ел керегін тапқан жері.

Қарсы алып колхозшысы қалмай тегіс

Жарысқа жалпы кҿппен шапқан жері

Қазына қара жерден қазып алып

Тоннасын тоқсан сомнан сатқан жері.

Хат танып қатын-бала қалмай тегіс

Жарық шам жалпы халық жаққан жері

Хандардың қарабауыр қайырымсыз

Көрінбей көздерінің батқан жері.

Көрсеткен көсемдердің көмегімен

Теңесіп Отанымның көп елімен

Бауырдай бір туысқан бақыт құшып

Мәңгілік рахатқа батқан жері...