Найти тему
РЕКОНКИСТА.

Қазақтар толерантты ма, немесе бүткіл ұлтқа жасалған гипноз жайлы.

Иә, қазіргі мына елдегі жағдайға қарап, тегі, бір қатты болмаса да, кей-кейде бір ойланып қалатын жайым бар еді. Әңгіменің бәрі сол баяғы "Біз кім едік? Кім болдық? Қайда барамыз..?" деген сауалдардың айналасы ғой. Содан біраз жәйттарды таразылай келіп түбі, тіпті, өзім күтпеген тұжырымдарға келдім десем де болады. Енді сіздер қалай қабылдайтындарыңызды білмеймін, дегенмен ойымды ортаға салуды жөн көріп отырмын.
Әңгімені кішкене әріректен бастасақ.
....Осы баяғы қазақ қандай еді? Тарихты жақсы білетіндері қоштар, баяғы қазақты қарап отырсаң ел ішіне атасы бөтенді кіргізбеген. Жаугершілік заманда басқыншы боп келгені болсын, бейбіт заманда қаңғып келгені болсын, қуып жүріп басын кесіп алатын! Әлгі атасы бөтен өлер алдында қазақшалап жансауға сұрап шыр етіп үлгеретін. Келесі сәтте басы допша домалап кете баратын. Қазақтар шынымен қахарлы ел еді! Ал қазір қалай боп жатырмыз? Біз қазір шетімізден интернационалист, шетімізден толерантты боп алғанбыз. Атасы бөтеннің қабағына қарағыш боп қалғанбыз! Өз елімізде жүріп қылық көрсеткен бөтендерді түзеуге ұялғыш боп алғанбыз!
Бұлай құбылу қай заманнан басталған? Кім бастаған? Және осы құбылуды жүзеге асыру үшін қандай технологиялар, қандай тәсілдер қолданылған? Қазақты интернационалист, толерантты қылудың артында кімнің мүддесі жатыр? Кімнің ұпайы түгенделмек?
Е, міне, жақындап қалдық па? Онда жалғастырайық! Қазақтың өмір сүру салтына, болмысына балтаны мықтап шапқан орыс коммунистары болатын. Бұрынғы патша өкіметінен қалған дүниенің бояуын өзгертіп, дінін алалағаны болмаса, ұстанымы, ділі баяғы Петр І заманында қалыптасқан шовинистік, әрі басурмандардан кек алу философиясы болатын! Қолдарына билік түскеннен кейін орыстарың қазаққа әбден татыды! Мына 30-шы жылдардағы ашаршылықтың картасын қарап отырсаң тек сол "қазақ", "казак", не болмаса, "козактар" отырған жерлерде ғана болған. Демек, бұл аласапыран ашаршылық қазақтарды, және де сол қазақтарға қатысы бар этностарды түбегейлі жоюды көздеген орыстардың ұйымдастыруымен жүзеге асқан зұлмат болатын! Бұл қолдан жасалған геноцидтың дәл өзі!
Бопты, сол отызыншы жылдардан да, әйтеуір, ат төбеліндей қалсақ та, бүткіл зиялыларымыздан айырылсақ та, еңбектеп, талықсып жатып, әйтеуір, қан жұтып жатып шығыппыз. Бәріміз өлмей қалыппыз! Бітпей қалыппыз! Енді орыстар ашық зұлымдығын, жауыздығын былай қойып, жартылай есі ауысқан бізді мазақ етуін одан әрі мықтап қолға алады. Яғни ақты қара, қараны ақ етіп көрсету, әрі соған сендіру! Былайша айтқанда - миды айландыру!
Менің көзім әбден жетіп отыр, мына қазіргі орыс пропагандистарының тәсілдемелері сол қызылдардың заманында жазылып кеткен болатын. Негізін, алғашқы тарауларын атышулы ОГПУ-дың қандықол жендеттері жазып кеткен-ді. Әйтеуір алдына келген дүниені ішін сыртына, сыртын ішіне айналдырып, беттері бүлк етпестен "..бұл баяғыдан осындай болатын!" деп безеріп қарап отыра береді. Мына біздер ара-арасында ютубтан көріп қалатын орыстардың Скабеевасының, Соколовының, Симоньяндарының қырықөтірігінің тамашасын айтсаңызшы! Бізді қойшы, олар қазір өз халқын да сол бұрынғы қызылдардың өсиеттеріне, әдістемелеріне сүйеніп жынды қып отыр емес пе? Шет-жағасын айтсақ - соғысты соғыс деп айтуға болмайды, ол тек арнайы әскери операция ғана екен. Өртің өрт емес, термоточка екен. Жарылыс емес, жәй ғана "поқ!" ете қалған бірдеме екен. Өкімет тарапынан қадағалаудың күшейуі нағыз бостандықтың көрінісі екен! Тағысы тағы! Тек орыстарың ғана тарихы бар ел екен де, ал қалғандары кезінде коммунистардың батпақтан илеп-илеп, күнге кептіріп, жасап алған халықтары екен! Бопты, бұны қоя тұршы...

Мына Украинаға басып кіргендегі ұраны "денацификация" мен "демилитаризациясы" ше? Кезінде сол орыстарың бізге де тура осы әдісті қолданды емес пе? Құрығы ұзын коммунистарың қолымыздағы қаруды былай алды, қазақты отап армансыз былай қырды! Сол кезінде айы оңынан туған орыстардың демилитаризациясы мен денацификациясынан әлі құтыла алмай келе жатыр емеспіз бе? Әуелі бізді қазақша сөйлеу ұят дегенге сендірді, оған иланған топастар да жетерлік! Талай қазағың әлі орысша шүлдірлеп жүр! Қазақша сөйлесең колбитсың! Чуркасың! Иә, болды ғой ондай заман! Бұл сол денацификацияның дәл өзі!
Ал қазақты интернационалист, толерантты қылудың артында не жатыр? Ол сенің жеті атаңнан қалған жеріңді өзіңе бұйыртпай билеп төстеу үшін керек! Қазба байлығыңды қолыңа ұстатпай талан-тараж қып Москваға тасу үшін керек! Иә, ұрыс шығара алмайсың, ереуілге бара алмайсың! Ұят болады! Сен интернационалистсың ғой! Ұят болады-ей!!

Негізі, мына орыстар миымызды әбден айландырып тастаған! Ұлттық құндылықтарға жататын талай салтымызды, түсінігімізді 180 градусқа кері бұрып жіберген! Бір қызығы, біз ол орыстардан әлі құтыла алған жоқпыз! Асықпаңдар! Тізіп берейін... Мына отыз жыл бізді теспей сорып, алдағы екі жүз жылға карызға тығып кеткен Мразьсұлтан сол орыс коммунистарының адамы емес пе? Денацификация мен демилитаризацияны тоқтатпай жүргізіп келді! Қазір әрбір қазақ ішпей-жемей 9000(?) доллардан қарызбыз. (Жалпы қарызымыз $165 млрд-тан асады). Ядролық қару жоқ! Демилитаризация емей немене бұл? Кен орындарымыздың бәрі ұстағанның уысында кетті! Ел кредиттан кредит, көзін аша алмай келеді!
Енді бізді мына Кемель Жемеличің жетістіреді дейсің ба? Билігі "стрелять на поражениеден" басталды емес па бұның? Бұл да орыс! Бұл да коммунист! Бұл да шамасы келгенше бізді денацификациядан, демилитаризациядан сүйреп өткізуге тырысады! Неміз қалады-ей сонда? Түбегейлі құрып бітпей
тұрғанда құтылу керек бұлардан! Кемель Жемеличың жаңашыл адам болса босатпай ма ана Мразьсұлтанның түрмеге қамап тастаған оппозиционерлерін! Жоқ, босатпайды, өйткені ол да сол контораның адамы, мақсаты да сол - денацификация, демилитаризация!

Ел боламыз десек біз мына орыстардың бүлдіріп кеткенін қайта түзеуіміз керекпіз! Алдымен осы толеранттықтан, интернационализмнан айрылуымыз керекпіз! Бұдан былай біз толерантты емеспіз! Соны ұғып алыңдар! Қазақстанда бәрі тек қазақша сөйлеуі керек! Қазақша жазуы керек! Ал қазақты боқ сасиды, тілі де нашар дегенді тамағынан қапсыра қысып , бұтына сигізе сүйреп шекара асырып лақтырып жіберу керек! Қайдан шықса, ондан шықсын! Естеріңде болсын, біз толерантты емеспіз! Болмағанбыз, болмаймыз да!

Тағы бір халық боп талқылайтын мәселе - қару! Қару болғанда да қосауыз "онекі" емес, кәдімгі заманауи әскери автоматтарды, және басқа да жанындағы сауыт-амуницияны айтып тұрмын. Қазаққа бұл тақырыптың, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп берейін.. Бері қараңдар. "Қазақ" деген сөздің бір мағынасы бесқаруы түгел жауынгер емес пе? Ал егер қаруың жоқ болса шы? Иә, мұлде қаруың жоқ болса шы? Е, міне, осы жерде қызық басталады! Егер қаруың жоқ болса, онда сен жәй ғана "күн астындағы күнекейсің", "чучмексің", "биомассасың", "чмосың", "овощсың". Міне, осылардың арасынан өзіңе ұнағанын этноним қып таңдап ал! Қаруың жоқ болса "қазақ" деген атаудан садаға кет! Ал қазақ болғың келеді екен - Атазаңға әр қазақтың еркегіне үйінде қарудың болуын міндеттейтін заңды енгізу керек! Мен сіздерге ешқандай да жаңалық айтып тұрған жоқпын. Бұл тек қана кезінде қазаққа жасалған демилитаризацияны,
және сол демилитаризацияның салдарларын жоюдың амалы! Қазақтың қайтадын қазаққа айналуының жолы! Қай заман болса да қазақ үшін қарудың маңызы өте зор болған. Бұрындары жиынға қарусыз барсаң ешкім саған орын да бермейтін, сөз кезегі де тимейтін! Яғни, бұрын қарусыз жүру қазаққа қылмыс болатын. Ал мына орыстардың миботқа "гипнозынан" кейін қару ұстау қылмыс боп қалды!

Шыңғысханның әулетінің қайтадан билікке келуі туралы. Иә, неге Шыңғысханның тұқымын қайтадан билікке тарпасқа? Кезінде оларды орыстарың жойып жіберуге тырысты емес пе? Демек біз бәрін керісінше істеуіміз керекпіз! Шыңғысханның әулетін жаңғыртайық, арасындағы жақсыдан өзімізге хан сайлайық! Тегі бір мықты билік бермесек те, символ ретінде, қазақ қоғамына, сол қоғамдағы пікірдің қалыптасуына ықпалы мықты институт ретінде, елге жақпаған шенді-шекпенділеріңді ықтырып жібере алатын күші бар ұлт жанашыры ретінде осы өзімізге неге хан сайлап алмасқа? Бұл да қазаққа жасалған денацификацияның бір салдарын болса да жоюдың амалы!
Әйтпесе өздерің көріп отырсыңдар ғой, тектілерімізден айырылып, "әй" дейтін әже, "қой" дейтін қожа жоқ болып еді - 70 жыл бізді ығай мен сығай басқарды. Одан қалса 30 жыл кебінін жұтқыр ұры-қары басқарды. Түбі не болдық? Ел жырмышталды, мемлекетіміздің даму деңгейі плинтустан да төмен түсіп кеткен, күйрей жаздап әрең тұр!
Иә, бұның бәрінен мына мен бағанадан бері айтып келе жатқан денацификация мен демилитаризацияға табан тірей қарсы тұру арқылы, салдарларын жою арқылы шығып кетуге болады! Айналып-айналып келгенде хан сайлап алғанымыз дұрыс! Келе-келе одан пайдасы болмаса, залалын көрмеспіз!

Әрине, монархияны қалпына келтіруді артқа аттаған адымдай көретін адамдар да табылар. Дегенмен, бері қараңдар..
Әзірдің өзінде әлемнің бірқатар елдерінде бұрыннан келе жатқан ақсүйек монархтарының әулеттері сақталып қалған. Демек, ол біздің заманаулығымызға, қазіргі болмысымызға, өркениеттілігімізге кереғар құбылыс емес, керісінше, жарасады деген сөз!
Одан кейін, болашақта, яғни адамзат космосқа шығып, басқа ғаламшарларды игере бастағанда монархиялар болмайды деп кім айтты сіздерге? Адамзат жүз жерден озық болып, бүткіл галактиканы шарлап кетсе де, монархия сияқты әлеуметтік құбылыстың сақталып қалатынын кейбір мықты ғалымдар жазып кеткен!
Тағы да қайталап айтамын, егер біз төрелерімізді түгендеп, арасынан бір жақсысын хан сайлап алсақ біраз жерде ұтар едік! Ол жетістіктің бірден-бірі - Түрік Әлемінің өзара интеграциясының әлде қайда алға тез қозғалуы ; қазақтардың қайтадан бұрынғы сақтар заманындағыдай, бергі Түрік қағанаттары замандарындағыдай Орталық Түріктерге айналуы, яғни Қазақстанның саяси орталыққа айналуы! Түсініп жатырсыздар ма?

Тоқ етерін айтқанда, біз адуынды, жаңашыл, озық ел болғымыз келсе алдымен ана орыстардың бізге жасап кеткен денацификациясы мен демилитаризациясының салдарларын жоюымыз керекпіз! Ұлтшыл болуымыз керекпіз! Ондайдан ұялудың керегі жоқ. Жолының қалай-қалай екенін алысқа бармай-ақ өзіміздің бауырларымыз Түркия түріктерінен-ақ үйреніңіздер! Түркияға барсаң бәрі түрікше сөйлейді, барлық жерде түрікше жазылады! Екі туып, бір қалғаны болсаң да саған ешкім ол жерде қазақша, ұйғырша, өзбекше мектеп ашып бермейді! Міне, Түркияның дайын тұрған білім беру жүйесі тұр ғой - оқы! Ал дайын тұрған мектепте түрікше оқығың келмейді екен - өзің біл! Қаламайды екенсің - өз еліңе барып оқы!
Түркияда ешкім саған автономия беріп талтаңдатпайды! Бәріміз түрікпіз! Бітті, бір-ақ сөз! Ал бөлінгің келеді екен, тау-тасқа қуып тығады да бір-бірлеп басыңды кесе салады! Ана түрік болғысы келмей, өздерінше керілген курдтардың жағдайын естіп-біліп жүрген шығарсыздар? Олардың аты "рабочая партия Курдистана" болғанымен, олар ешқандай да "рабочилар" емес, ешқандай да капиталисттармен тіресіп жатқан жоқ олар! Сол, баяғы түріктерге, түрік үстемдігіне қарсы күресіп жатқандар!
Міне, жігіттер, үлттық саясат осындай болуы керек!

Өз туымызды өзіміз жықпай, ұлттық құндылықтарымызды түгендейік, ағайын!