Сарапшылар тамызда елдегі пәтер жалдау құнының өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда кейін қайта арзандауы мүмкін. Мамандар мұны студенттердің демалыстан оралуымен байланыстырды. Себебі жатақханалардағы орын барлығына жетпейтіні сөзсіз. Ал мегаполистерде баға бірден өсіп кетуі мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Сарапшылардың сөзінше, тұрғын үйді жалдау құны экономикадағы жағдаймен тікелей байланысты. Бағаға азық-түлік, текстиль, қызмет құны мен коммуналдық қызмет құны да әсер етеді. Ал Қазақстанда мұның барлығы қымбаттағанын көруге болады. Сонымен қатар шет аймақтардан келетін студенттер тағы бар. Сондықтан сұраныстың артуын пәтер иелері де қолданып қалуға тырысады дейді. "Мен үшінші курсты аяқтадым, осы үш жылда пәтер жалдап тұрдым. Биыл да пәтердің бағасы шарықтап тұр. "Саяхат" маңындағы бір бөлмелі пәтердің өзі шамамен 150 мың теңге. 150 мыңға пәтер табылса, өзге қыздармен бірге тұрып, ақысын бөліп төлейсің", – дейді студенттердің бірі.
Тамыз айында елімізде пәтер жалдау құны 15%-ға өседі – Сарапшылар
28 июля 202228 июл 2022
2 мин