Найти в Дзене
Beeline Business Kazakhstan

Негізгі 5 себеп: шағын бизнеске SMS-таратылым не үшін керек?

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары жаппай хабарлама тарату сервисі клиенттерінің басым бөлігін құрайды: дүкендер, дәмханалар, пиццериялар. SMS әсіресе сервистік компанияларға: сұлулық салондарына, тіс емханаларына, медицина орталықтарына, ТҚС-тарға, туристік агенттіктерге қажет. SMS-таратылымның әлеуетін оңай түсіндіруге болады.

1-себеп: коммуникация арнасы

Клиенттермен қарым-қатынастың қолжетімді әрі салыстырмалы түрде арзан арнасы тауарлар мен қызметтер туралы дер кезінде ақпарат беріп, жұмыстағы өзгерістер туралы хабарлауаға, жеңілдіктер мен бонустар ұсынуға мүмкіндік береді. Аудитория ақпараттық қолдауды жоғары бағалайды және брендпен сенімге негізделген байланыс орнатады. Нәтижесінде клиенттердің ниеттестігі артып, табыс көбейеді.

2-себеп: мақсатты аудиторияны қамту

Смартфон әрдайым қолдарында жүретіндіктен, абоненттердің 98%-ы хабарлама келген алғашқы секундтарда-ақ оны ашады. SMS-таратылым дұрыс таргеттеудің арқасында мақсатты аудиториямен тұрақты байланысты қолдап отыруға мүмкіндік береді. Хабарламына тек ықтимал сатып алушылар немесе тұрақты клиенттер көреді. Ол үшін клиенттің бейнесін анықтап, сегменттер бойынша таргеттеу керек.

3-себеп: қолжетімділік және қарапайымдылық

Бизнес тұрғысынан қарағанда, SMS-таратылым сервисі бәріне қолжетімді. Beeline Business ұсынатын SMS Click жеке кабинет ұсынады, сондай-ақ тиімді таратылымды ұйымдастыруға қажет функцияларды қолдайды. Маркетолог жалдаудың қажеті жоқ - SMS-таратылымның қарапайым тәртібін өз бетіңізше түсініп алуға, науқанның немесе жағдайдың өзгеруіне қарай баптауларын өзгертуге болады.

4-себеп: қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасы артады

SMS-тің көмегімен бизнес мереке күндері жұмыс кестесіндегі өзгеретіні немесе жағдайға қарай, жаңа дүкеннің, тауарларды беру пунктінің ашылғаны туралы жылдам хабарлайды. Акциялық ұсыныстардың SMS-аңдатпасы болғанда, келушілер мен сатып алушылап саны көбейеді деп санауға болады. Ал SMS-ті көрсеткен клиенттер алатын бонустар, купондар немесе жеңілдіктер хабарламаның тиімділігін қадағалауға және компанияның ары қарайғы жұмысына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

5-себеп: жан-жақтылық

Қысқа SMS мәтініне телефон нөмірін, акциялық ұсыныс бар парақтың немесе әлеуметтік желінің сілтемесін қосуға, мекенжайды көрсетуге болады. Мобильді интернеті бар смартфонның иесі сілтемеге тез өтіп, ақпаратпен таныса алады. Ол қоңырау шалуды немесе электронды мекенжайды жіберуді өзі анықтайды.

SMS-таратылым шын мәнінде тиімді болуы мүмкін – компания клиенттерін сауатты сегменттесе, ол клиенттер қатарын көбейтеді. Егер дүкен ересектер мен балаларға арналған аяқ киім ғана ұсынатын болса, жаңа топтамада бүлдіршіндерге арналған көктемгі аяқ киім үлгісі ғана түскені туралы SMS-ті бәріне емес, сондай аяқ киімді бұрын сатып алған жас ата-аналарға немесе әжелерге жіберген жөн. Солар ғана мақсатты аудитория саналады.

Балалар аяқ киімінің жаңа топтамасы түскенін дерекқордағы барлық клиентіне жіберетін дүкеннің иесінде егжей-тегжейлі параметрлер жоқ болуы немесе ол таратылымның мақсатын түсінбеуі мүмкін. Beeline Business-тің SMS Click қызметі – клиенттік база бойынша жаппай хабарлама таратуға арналған қарапайым әрі ыңғайлы құрал. Хабарламасын кім және қашан көретінін бизнестің иесі өзі анықтайды, жағдайды жеке журналында қадағалап, таратылымдарды дербестіндіретін базаны өзі жіктейді.

Қызметке тапсырыс беру үшін, сілтеме арқылы өтініш қалдырыңыз https://bit.ly/3Kv7G80