Иә, тақырыбы айтып тұрғандай-ақ бүгінгі менің бөлісейін деген ойым осы "қазақ" атауының шығу тарихы жайында болмақ. Мына интернеттегі "қазақты" іздеп, іздеу барысында қат-қатымен жинап, үйіп тастаған материалға қараймын да, осы, кейде бір ойлап қоямын - "негізі, ел бұл атаудың не мағына беретінін қазақ қазақ аталғалы бері іздеп келе жатса керек" - деп. Дегенмен, бұл "қазақтың" не сөз екенін бұрынғылар білген! Оның мағынасын ұмытып отырған біздер ғана!
Ал бастайық! Бұл жерде мен маған дейінгілерді тізіп, "бәленше үй деп еді, үй дегенде бүй деп еді" деп шақшадай бастарыңды шарадай қылуды жөн көріп отырған жоқпын. Сондықтан да, лаж болса, қысқа да нұсқа қайыруға тырысамын. Бұрынғыларға, яғни, маған дейінгі осы тақырыпта қалам сілтеп, ой қозғағандарға жүгінбеймін. Олардың маған керегі де жоқ!
Әңгімеміздің әлқиссасы мынау болсын - "қазақ" атауының төркінін табу үшін жүйесін ұғып, ілігін табу керек! Ал ілігі қайда мұның? Ілігі сол баяғы өзіміздің тілде! Біздің өткен-кеткеніміздің бәрі тілімізге тоқылып, ділімізге сіңіп, тілдік қорымызды көбейтіп, байытып бірге кете баратынын сіздер білетін шығарсыздар деп ойлаймын. Тіпті, егер іздеген сөзіңізді осы бүгінгі тіліміз түсіндіріп бере алмаса, онда көнелердің тілінен қарау лазым! Көнелердің тілі деп мен "Древнетюркский словарьды" айтып отырған жоқпын. Айтып отырғаным - көне қаңлының тілі. Мына жерде не айтып жатқанымды түсінбей қалған адамдар болса, аздап түсініктеме бере кетейін; көне қаңлы дегеніміз - баяғыдағы Тигр мен Ефраттың екіарасын мекен еткен шумерлер мен аккадтықтар. Адамдары өте сауатты дәулет болатын! Міне, біз де бүгін солардың жазып-сызып кеткеніне иек артамыз. Бұл бір ма?
Екіншісі - бұл жоғарыда айтылған ойымның жалғасы болмақ, өзіміздің тіліміздегі мақал-мәтелдерге, салттарға әрдайым ерекше көңіл аударып отыру керек. Өйткені жауаптың бәрі соларда. Сол мақал-мәтел демекші, осы "қазақ" атауынның этимологиясын айқындауға аталарымыздан қалған "қуып келсең қазақтың бәрі қаңлыдан тарайды" деген бір ауыз нақыл сөзі, және де "қарға тамырлы қазақпыз" деп ұрандата айтқандары құдды шам жағып ізіне түсіргендей көмектеседі. Осы екіауыз сөз таптырмас іліптің дәл өзі!
Иә, асықпасаңыздар осы "қаңлымыздың" өзі-ақ әлі "қазақтың" көнеше оқылуы боп шыға келеді!
Енді Тенгиз Гудаваның жазғаннынан алынған мына дерекке көңіл аударыңыздар:
=ki-en-gir15/gi7(-r); ki-en-gi(-r): Шумер (самоназвание).
Яғни:
кнгр/кнг.
Иә, менің мына жерде көріп тұрғандарым хунгар; қоңырат; қаңғар; қаңлы; қынық атаулары. Бұл жерде негізі "қазақ" та бар, "қарға" да бар.
Оны түсіну үшін енді мынаған қараңыздар, бұл сына жазу каталогынан алынған скриншот;
Мына жерде "кунга"/"канганың" тағы "баран", яғни, "қара" деген мағынасы бар екені қадап тұрып көрсетілген. "Қараны" сәлден кейін талдармыз. Әзірше өзіміздің қаңлыға келейік. Қаңгы(қаңлы) баран қарғаның, яғни, ҚАРА ҚАРҒАНЫҢ дәл өзі! ... Талдап берейін:
куНга/каНга - қаРға;
куЗаг - ұзақ - қазақ;
куЗг - құзғ(ын) - құзғын;
Кангар - Сунгар - сұңқар (яғни қарға төтемінің сұңқарға айналуы);
баран - қара, ворона(орыстарда).
"Сенің "ныні" "зыға" айырбастап жіберетін қандай қақың бар?" деп тірелетіндер де табылар. Оны да түсіндіріп берейін.
Бұл фонемалардың орын ауысуын ротация деп айтады. Бұл құбылыс тілдің ерекшеліктерінен, болмаса сөйлеп тұрған адамның тіліндегі бір дислалиялық ауытқуларға байланысты емес. Ротацияның себебі - бір шрифты жан-жақтағы адамдардың өз локализацияларында қалыптасқан жазу ережелеріне сай оқуы. Ротацияның үш түрі бар -
1) с - к;
2) с -р;
3) с -н.
Осы үш түрлі ротация түркі тілдеріне тән. Бұның бәрін дәлелдерін келтіре отырып алдыңғы "посттарда" жазып кеткенмін. Тіпті болмаса осы келтірген скриншоттағы "маш"-"бар"-"бан" деп бір сына жазуының үш түрлі құбылып оқылуынан-ақ қараңдар.
Жалғастырайық. Мына жерде "сақтар" жүр, бұл да сол Гудаваның жұмысынан алынған:
sa-i6(-ga): “черноголовые” – самоназвание народа Шумера, «шумеры».
Яғни, кнг/кангидың сг/саққа ауысуы. Ал "сақ" дегеніміз не? Ол ҰЗАҚ. Немесе оны жәуқарға деп айтады қазақта. "Ұзақ" сөзінің фрикативты баламасы - құзақ/қазақ. Башқұрттар осы ұзақты "аққарға", немесе "қарақ" деп айтады. Қарақтың өзі де с-р ротациясынан кейін "қазақ" боп шыға келеді.
Жалпы мына талдау канг(қаңлы) сөзі қарғаның баламасы, басқаша оқылуы екенін көрсетіп тұр. Сол сияқты сұңқар, құзғын, ұзақ та "қаңлы" сөзінің басқаша оқылуы.
Түсінікті ма бәрі? "Қарға тамырлы қазақпыз!" деген сөз сол көне қаңлының заманынан бері келе жатса керек. Қаңлың да қарға, қазағың да қарға деген сөз. Яғни, қаңлы, қазақ және қарға, айналып-айналып келгенде, бәрі бір сөз!
Одан кейін, ұмытып кетпей тұрғанда жәуқарға туралы тағы бір ойымды айта кетейін. Осы Жәуді этноним ретінде жамылған қаңлылардың бір бөлігі кезінде Аспанастындағы(Қытайдың) Шан(бұлар да түріктер) әулетін биліктен тайдырып өз мемлекеттерін құрған болатын. Қытай жылнамаларында оларды Чжоу деп атайды. Бірақ осы "чжоудың" не мағына беретінін маңдытып түсіндіре алмайды. Бұл сөздің этимологиясы тек қазақ тіліне сүйене ғана түсіндіріле алады.
- Мына Қайсар неге қарғаға сонша жабысып қалды? - деп түсінбейтіндер де табылар. Оны түсіну үшін сол көне қаңлының наным-сенімдерін оқыңдар.
Қаңлылардың құдайы Қарға-Мардуған болатын. Мынау "Джағфар тарихы" кітабынан алынған үзінді:
"Мардукан (Нардуган) - алп света, сын Мара и Туран. Принимал облик дракона, грача-ворона. Другие булгарские названия этого алпа - Карга, Симбир (Сэмбэр), Кунгош, Атряч (Дракон с головой лошади и хвостом змеи), Леуген (змеевидный Дракон)".
Мен Мардуғанның басқа да аттарын келтіре кетуді жөн көріп отырмын. Олар:
.. Адду, Арануна, Ашару, Бэл, Воин, Золотой Бык (телёнок), Асаллухи, Сын, Божественное величество, Марукка, Меродах, Мершакушу, Лугал-Диммер-Анкиа, Нари-Лугал-Диммер-Анкиа, Намтила, Намру, Ашшур, Ашар-алим, Ашар-алим-нуна,Туту, Зи-аккина, Зику, Агаку, Шазу, Зиси, Сухрим, Сухгурим, Захрим, Захгурим, Энбилулу, Эпадун, Гугал, Хегал, Сирсир, Малах, Гил, Гилима, Агилима, Зулум, Мумму(Мамма), Зулум-умму, Гиз-нумун-аб, Лугал-аб-дубур, Пагал-гуена, Лугал-Дурма, Думу-дуку, Лугал-дуку, Лугал-шуанна, Ируга, Иркингу, Кинма, Э-зискур, Нибиру, Энкукур.
Келтірілген аттардың арасында зк/зқ/ұзақ атауының барын да аңғаруға болады. Олар - Зи-аккина, Зику, Шазу, Зиси.
Тақырыпқа қатысы жоқ болса да айта кетейін, Юпитер(Мардук) ғаламшары "Бақыр-Сұғым" емес пе? "Бақырың", бопты, мыс екен. Ал "сұғымды" Махмуд Қашқари "оқтың басы" деп аударып берген. Меніңше осы келтірілген аттардың арасындағы Сухрим, Сухгурим, Захрим, Захгурим атауларына көңіл аудару керек сияқты. Не деп болмас!
Байқасаңыздар Мардуғанның "Әлім" түсінігіне де қатысы бар сияқты.
Ал, жақсы! Осымен доғарайық! Алтын уақыттарыңды бөліп оқыған сендерге рахмет, жазған маған рахмет! Эпилог ретінде Асылан ТІЛЕГЕН деген кісінің "Қарға киелі құс па?" мақаласынан бір үзінді қыстырып кетейін.«Ақ желкен» журналына басылған екен:
"«Қолыма қарға тышар» деген сөзді «басыма бақыт құсы қонар» дегендей мәнде қолданады. Егер қарға киелі құс болмаса, оның қолына бір саңғығанын жақсылық нышаны санамас еді ғой. Әрине, бұның бәрі тым көне дүниетанымға байланысты туып, ұлт болып қалыптасу мен наным-сенімдердің өзгеруіне байланысты бүгінде ертедегі сол наным-сенімдердің тек тілде ғана сақталып қалғанын байқаймыз», – дейді және. Ойландыратын сөз."
Қайсаралы Төлепбергенов.