Көшелердің адамдарға толы болмаған сәті еді. Жаңа келген жылдың бірінші күндері болғасын - болған соның бір себебі. Қыстың қақ ортасында жауған жаңбыр қар көрем деген халыққа мүлдем күтпеген бір сый боп келеді. Таң атпай, еп ерте киімі мен төсегін дымқыл деп тапқан Нәке, беделді, елге сыйлы инженерлердің бірі еді. “Ден саулығым немесе мінез-құлықым сыр берген бе?” - деген ой басына келген ойларлың алды болған ой еді. Ақыр оянып, шам жағып қарағанда табылған жылу құбырдан кеткен су жылыстауы заттардың дымқыл болуының бас себебі осы еді. “Осындай мерекелі демалыс күндері таң атпай оңдайтын маманды қалай табамын?” - басталып жатқан күннің күмәні осы еді. Күтпеген жерден табыла қалған маман елге танымал Бәкең еді. Тез арада біткен жұмыс - жылыстаудың жойылуы, сол Бәкеңнің шеберлігі үстем болған сәті еді. Бүктеліп жатқан жайнамаз Бәкеңнің көзіне оттай басылған нәрсе еді. “Үйде намаз оқитын адам бар ма?” деген жылу құбырының маманының бүгін бірінші қойған сұрағы еді. “Біраз адам оқиды” деген