Әлікүнге дейін шешімін таппай келе жатқан сұрақтардың бірі осы юэчжилер. РАНға салсаң қазды таяқсыз қуып юэчжилерді таза парсыша гәпірген, бір жерде бір жыл отырып қалса басы ауратын көшпенді тәжік қылып жіберген. Әрине, біздер де білеміз бұл жымысқы арам әңгіменің қайдан шыққанын. Бәленің бәрі сонау 1944-ші жылдан( 9-шы тамыз) басталған. Сталинның бастамасымен "Постановление ЦК ВКП(б) "О состоянии и мерах улучшения массово-политической и идеологической работы в Татарской партийной организации" деген қаулы шыққан. Басы Алтын Орданың тарихын зерттеп жатқан татар тарихшыларына шүйлігумен басталып, аяғы түріктердің("түркілердің" деген терминді қолданбаймын.) тарихын тереңдете зерттеуге тыйым салумен біткен. Ол тарихта "Эдикт о запрете на удревнение истории тюрков" деген атпен қалды. Сол пәрменнен кейін-ақ сақ-қаңлыларың таза парсыша сөйлеп, сығанша босып шыға келді. Шыңғысханың шүлдірлеген шүршіт болып кетті. Амал қанша, атасы бөтен жауға тізгінді беріп қойғаннан кейін көретін күнің сол