Найти в Дзене

Арақтың зияны мен зардабы

Арақтың зияны мен зардабы

Арақтың зардабы ауыр. Отбасының қаншасы осы арақтың кесірінен күйреп жатыр. Тек бөтелкенің ішінде ғана тыныш тұра алатын жынды су дүкен сөрелерінде самсап тұр. Кейде таң қаласың: адамзатқа пайда әкелетін қанша сусын бар, соның бәрі қарабайыр , қарапайым шөлмекте. Ал, арақ атаулының шөлмектерінің әдемілігіне, атауына қарап, неліктен осыншама құрмет арқалағанына таңданасың. Сол әдемі шөлмекте тұрған жынды су адамның жүрегіне, бауырына, бүйрегіне , басқа да ағзаларына қаншама зиянын тигізіп жатыр. Жүрек қан аурулары, жүрек талма аурулары, ишемиялық ауруларды айтпағанның өзінде өмірге әлі келмеген шақалақтың әртүрлі дертпен өмірге келуі жаныңды түршіктірмей қоймайды.

     Осындайда қаныңды қыздыратын, денсаулығыңа пайдалы, құнарлы ас – қымызға неге қаражат жұмсалмайды екен деген ойға шомасың. Қымыз бен шұбат, айран мен шалап, қымыран тұрғанда араққа деген сұраныстың жоғарылығы жаныңды ауыртады. Витаминдер мен минералдарға толы, адамның ағзасына пайдасы зор , ұлттық кодымыздан ойып тұрып орын алған қымыздың жарнамасы жетпей жатыр ма екен әлде?!