Қазіргі заманның дерті Бүгінгі күні қоғам дертінің бірі темекі шегу. Дүкен сөрелеріндегі темекі қорабының сыртында инсульт ауруын туыдыратыны, өкпенің смалаға толып, кеуіп-семіп қалатыны , өмірге келетін баланың жетілмей өмірге келетіні, инфаркте әкелетіні туралы ақпараттар беріліп, қорқынышты суреттердің қойылғанына қарамастан темекіні құштарлана соратындардың қатары азаймай тұр. Осы өткір мәселенің шешімін бірлесіп іздегеніміз жөн-ақ. Темекінің осы дәстүрлі түрі аздай , электронды түрі сатылымға қосылды. Ол мектеп оқушыларына да жетіпті деген ақпаратты да ести бастадық. Бірінің аузынан бірі жұлып алып, құштарлана сорып жатқан ұл-қыздарды әлеуметтік желілерден көріп те жүрміз. Санасы мүлде тәуелді болып қалуына жеткізбеу керек-ақ деген ойлар бас көтереді. Бірінің аузынан бірі жұлып алып сорып жатқанына қарап, әлі ұмыт бола қоймаған короновирус дерті көзіңе еріксіз елестейді. Әлемді дүр сілкіндірген пандемия қолымызды қысқа күні қырық рет жууға әкелгенде, бір электронды темекіден кейі