Дені сау ұлт - дені сау мемлекет Еліміз әр азаматының денсаулығы зор болуы үшін арнайы шараларды барынша қамтыған. Ғылым мен медицина құлашын кең жайған қазіргі уақытта ұлтымыздың денсаулық мәселесі қай дәрежеде екен деген сұрақ жас жанымды жиі мазалайды. Расымен, деніміз сау болу үшін дәрі-дәрмекке ғана жүгінуіміз керек пе? «Ауру - астан» дейді халық даналығы.Құнарлы, сапалы, балғын тағамды пйдалану адам баласы жаратылғалы бері келе жатқан ең дұрыс жол. Бір өкініштісі қазіргі кезде тамақтануымызға гендік модификацияланған тағамдар, тез дайындалатын тағамдар, қанты өте көп мөлшердегі тағамдар енуі денсаулығымызға айтарлықтай қауіп төндіруде. Бұқаралық ақпарат құралдарында дәрігерлер дабыл қаққанмен тамақтану барысында тәуелділік тудыруға басымдылығы жоғары – чипсы өнімі мен кола сусыны толастамай-ақ тұр. Яғни, ішкен тамағымыз денсаулық кепілі екені мәлім болды. Демек,бүтін бір халықтың саулығы тамақтануға тірелетін болса, мемлекет болашағы – өскелең ұрпақтың тамақтануына де