Сау халықтан сау ұрпақ Дені сау адамнан дені сау ұлт қалыптасады. Сол себепті елімізде ұлт денсаулығына ерекше басымдық берілетін қолдаулар мен бағдарламалар өте көп. Деніміз сау болу – мемлекеттің ғана еншісінде ме, өз қолымыздан не келеді? «Аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді халық даналығы. Жұғымды, сапалы тамақтану , салауатты өмір салтын ұстанып, таңертеңгілік жаттығу жасау, таза ауада, күн астында көбірек болу - ауырмайтын жолдың ең маңызды сүрлеулері. Қазіргі таңда адамдар стреске бейім өмір сүріп жатқаны да аян. Бұл фактор да өз кезегінде бірнеше дерттің ауыздығын ашары сөзсіз. Олай болса, әрқайсымыз өз өмірімізге позитивті өмір сүруді енгізгеніміз жөн. «Біздің денсаулығымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген екен Артур Шопенгауэр. Бақытты болу он қадамнан тұрса, оның тоғыз қадамы денсаулыққа байланысты болса, ең бастысы – денсаулық екен ғой деген ой санамда қыттықтайды. Демек, ұлт саулығы – болашақ мемлекет негізі екен ғой. Сөйте тұа