Найти в Дзене

Бала денсаулығы ел денсаулығы

Бала денсаулығы ел денсаулығы

Биыл балалар жылы болғандықтан аз ғана уақыттағы демалысымда шалқыған Алакөлге барып, лагерьде жұмыс жасадым. Жаңа Қазақстанның болашағы кемел болу үшін баланың денсаулығы маңызды екенін шынайы сезіндім. Өңдері бал-бұл жанған әр бүлдіршін, әр сәби – ертеңгі маман. Көк туымызды желбірететін де, ұлан байтақ жерге иелік ететін де солар. Олай болса, олардың денсаулығы еліміз үшін өте маңызды салалардың бірі екенін мойындап, менің жүрегіме балалар дәрігері болу жақын екенін түсіндім. Ана жатырына түскен сәттен бастап, оның өсіп дамуы, өмірге аман-есен келуі, шарана, шақалақ кезінен бастап жақсы дамып, зияты өсіп, өмірлік маңызды дәрумендермен ағзасы толығып отыруы мені қатты қызықтырады.

     Қазіргі кезде ата-аналар екпе алуға қарсы. Ал баланың өмірі үшін екпенің алатын орны зор. Бала дәрігері болып қана қоймай, қоғамда, ата-аналар қауымдастығына екпені үндеп, ағарту жұмыстарын да жүргізуді жоспарлаймын.

     Осылайша, бала дәрігері бола жүріп, жаңа Қазақстанға адам капиталының денсаулығын бала кезінен қалыптастыруға, дамытуға, арттыруға үлесімді қосқым келеді.