Телефон заманы
Қазіргі кезде өміріміздің айнымас досының бірі – ұялы телефон болып кетті. Іңгәләған сәбиден, еңкейген қартқа дейін әуес. Бір қарағанда пайдасы шаш етектен. Керегің табылады. Заман ағымына қолайлы. Ақшаң да, құжатың да ішінде. Алайда пайдасы қандай орасан болса, зияны да сондай болып жатқанында шаруамыз жоқ.
Ғалымдардың зерттеуінше 6 жасқа дейінгі балаларға смартфондарды мүлде ұстатуға болмайды. Себебі оның дүниетанымы, әлемді нақты өз қалпында қабылдауы виртуалды өмірмен шатасып кетеді. Саусақтарының моторикасы даму үстінде. Сол саусақ арқылы сәби денесіне тарайтын радиацияны ойлаудың өзі қорқынышты. Смартфонға тәуелді бала тілді де жақсы үйрене алмайды.
Жасөспірімдер де, жастар да смартфон ұстауға шектеу қойғаны жөн. Оның көзге зияндылығы соншалықты, тек қана смартфонға үңілгендіктен көз 90 градустық маңайын көруден ажырап қалу қаупі бар. Қазір аялдамада, троллейбуста, ұшақта смартфонға тесіле үңілген жасөспірімдер мен жастар бүгжиіп, иіліп кеткен. Бейне бір смартфон ішіне кіріп кетердей. Көшеде кетіп бара жатып, смартфонына алаңдап, жол көлік апатын да тудырып жатқаны қынжылтады. Үйге барғанда да тамақ ішіп отырса да смартфонға тәуелділік басым. Ол болса өз кезегінде аз-ақ отырған сияқты болғаныңмен , барлық уақытыңды жұтып жібереді. Қозғалмалы өміріңді азайтып, қан қоюланып қалуына соқтырары әбден мүмкін. Ойланайық! Әлі кеш емес!