Виктор Франклдың «Скажи жизни «Да» кітабы туралы алғаш Фархадтан естідім. 2 жыл 7 ай Аушвиц пен Дахау лагерлерінде жатқанда жасырын жазған дүниесі. Еңбегін лақап атпен шығармақ болған, әріптес-достары айтқан соң өз атымен шығарды. Кітап 10 миллионға жуық тиражбен әлемнің 24-тен астам тіліне аударылып, таратылған екен. Сұмдық кітап, қысқасы. Сұмдақ деймін. Негізі кішкентай балаларға, жүкті әйелдер мен буыны қатаймаған жастарға оқуға тыйым салынған кітаптар тізімін жасау керек сияқты. Мәселен, «Мальчик в полосатой пижаме», немесе Светлана Алексиевичтің кітаптары және Франклдың осы кітабы. Себебі, Освенцимдегі (Аушвиц) қатал өмірдің, адамдардың күн сайын ар азабынан қиналғанын сипаттағанда түңіліп кетесің. Қорқыныш пен мәнсіздікке толы күндердің өзіңнен алыс болғанына шүкір дейсің. Жанашырлық танытып, енді қайталанбауын тілейсін. Сонысымен ауыр. Сондықтан да, жоғары айтқан буыны қатаймаған адамдарға оқуға кеңес бермес ем. Франкл лагерьден қайтқанда ол туралы ашық айтпады, себебі болғанда