Бұл кітап басынан бір-бірімен байланыспаған фактілерді үсті-үстіне баттастырып, арасында әзіл қосып, ғалымдардың зерттеулерін теріп жазылған дүние боп көрінуі мүмкін. Ойыңызды авторлар да мойындайды, кіріспесінде. Бірақ, кітапты кіріспеден бастамауды мектепте қалыптастырып алған мен оны қайдан білейін?! Сонда кітап не жайында? Адамдардың күнделікті байқамаған іс-әрекеттерінің салдары жайында. Мәселен, дәрігерлердің қол жуу әдеті мен бала өлімі арасындағы байланысты көрсетеді. Немесе феминизм дамуы мектеп мұғалімдерінің орташа білім деңгейінің төмендеуіне әкеп соққанын туралы жазады. Әлбетте, бұл феминизмді айыптау емес. Жалпы, бұл азаматтар ешкімді және ештеңені айыптамайды. Олар тек барды бар деп көрсетеді. Алайда, олардың бұл жазғандары биліктің немесе қоғамда қалыптасқан көзқараспен үндеспеуі мүмкін. Осынысымен қызық. Сіздерді айналадағы болып жатқан өзгерістер мен ақпарат ағымына өзгеше көзқараспен қарауды үйретеді, құбылыстарға сараптама жасауға шақырады. Кітап осындай ойламаған
«Суперфрикономика» кез келген адамды қызықтыра қоятын кітап емес
9 июля 20209 июл 2020
3
1 мин