...Читать далее
Коронавирус қазақстандық электронды сауданың дамуына да өз әсерін тигізбей қоймады. Бұны еліміздегі ең ірі онлайн-дүкен Kaspi.kz есебінен анық көруге болады. 1 қаңтар мен 30 сәуір аралығында Қазақстанның 54 қаласының тұрғыны жалпы сомасы 69 млрд құрайтын 900 мың тапсырыс жасаған. Тапсырыстар былтырмен салыстырғанда екі есеге артқан.
Онлайн-дүкендер мен қызметтердің танымалдылығы түсінікті - оларға деген сұраныс бұған дейін де жақсы еді, ал "үйде отырған" уақытта бұндай қызметтер сауда жасауға ең қолайлы әдіс.