Мемлекеттік кірістер комитеті көшпелі тексерусіз фармацевтика қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дәрі-дәрмек сатуға ҚҚС салынбайтындықтан, дәрілік заттар айналымы өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін тауардың тарихын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды бақылау жүйесіне кірмейді. Сондықтан талдау белгілі бір кезеңде дәріхана қандай пайда алғанын қадағалауға болатын онлайн - БКМ көрсеткіштеріне құрылған. Жаздың алғашқы 2 аптасында ғана қазақстандық дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Алайда барлық кәсіпкер нақты айналымды көрсетпеді. «Республика бойынша дәріхана қызмет түрін көрсететін барлығы 3 527 кәсіпкер 7 674 онлайн-БКМ тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есебін күтпестен, айналым сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерге де мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Мысалы, 868 дәріхана иелері онлайн-БКМ қолданбайтыны аңықталды, бұл ретте олар өз қызметін тоқт