Найти тему
Base Arna

Beeline Алматыда жолақы төлеуге 50% жеңілдік сыйлайды

Цифрлы қаржы сервистері саласының көшбасшысы Beeline Қазақстан компаниясы жазғы акция туралы қуана хабарлайды, акция аясында Алматы тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жүре алады.

Акцияға барлық бағыттың ONAY терминалы бар автобустары мен троллейбустары қатысады.
Жолақы төлеу үшін, 9909 нөміріне ONAY! терминалының алты мәнді коды бар SMS жіберу қажет. Бұл орайда, телефон теңгерімінен жолақы толық ұсталып, 40 теңге бонус түрінде қайтарылады. Сонымен қатар, түбіртегі бар SMS келеді, оны баратын жеріңізге жеткенше сақтау және қажет жағдайда бақылаушыға көрсету керек.

Жолақы төлеу үшін теңгерімде ең кемі 81 теңге болуы тиіс. Акция бойынша жеңілдікпен күніне екі рет жүруге болады. Науқан 2020 жылғы 17 маусым мен 17 шілде арасында өтеді.