Найти тему
Base Arna

Astana Hub қатысушысы 100 000$ инвестиция тартты

Қазақстандық Kid Security геотрекинг қызметінің құрастырушысы 100 мың доллар инвестиция тартты. Бұл жеке инвестор Талғат Исмаилдың seed раунды. Айта кеткен жөн, ол қазақстандық Smart Satu, ChocoFamily және өзге де бірқатар жобалардың венчурлық инвесторларының бірі.

Kid Security жобасы - ата-аналардың балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдамауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Баланың қайда екенін көрсеткенмен қатар, оның ой-өрісінің дамуы үшін де септігін тигізеді, мәселен, қосымша алуан түрлі тапсырмалар мен оқу құралдарына ие. Өзгелер тек ата-ананың қамын ойласа, Kid Security бала қызығушылығына да үлкен көңіл бөледі.

Қосымшаны Play Market немесе AppStore арқылы жүктеуге болады.