ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 АЕК-ке (1 АЕК - 2778 теңге / 30 АЕК - 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», - деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/karantin-talaptaryn-buzgan-kazakstandyktar-ayyppul-toleytin-boldy_a3668398 Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/k
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды
2 июля 20202 июл 2020
~1 мин