Қазақстан эстрада жұлдыздары азаматтарды карантин талаптарын сақтап, үйде отыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев Instagram парақшасында қазақстандықтарды сағынып жүргенін жазды. «Қадірлі ағайын, аты жаман індет күн өткен сайын күшейіп бара жатыр. Мен танитын біраз жақын адам сырқаттанып қалды. Әркім әртүрлі әңгіме айтып, сан-саққа жүгіртуде. Барынша абай болыңыздаршы. Ауырып жатқан жандарға Алла шипасын берсін. Жаныма жақын жандарды, сыры бірге достарды, жалпы бәріңізді сағынып жүрмін. Жарқылдап күліп, айқара құшақ ашып, «бауырым» деп бауырға басып амандасатын күнге жетейікші. Алладан амандықтарыңызды тілеймін» деп жазды әнші. МузАРТ тобының әншісі Сәкен Майғазиев ауырған қазақстандықтарға тезірек жазылып кетуін тіледі. Ол сондай-ақ, жағымсыз жаңалықтарға көңіл түсірмеуге шақырды. «Әлеуметтік желілер де түнеріп кеткендей ме, қалай... Сәл де болса жылу сыйлап, үміт отын жағып, уайымдарыңызды сейілткім келеді. Уайымдамай жүрген жан кем
Қазақстанның эстрада жұлдыздары той тойламай, үйде отыруға шақырды
2 июля 20202 июл 2020
1
2 мин