Коронавирус пандемиясының әсерінен ең алдымен даяшылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқа да тұрақсыз жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шегуі мүмкін. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарына дамыту орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. COVID-19 пандемиясы жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретіп, Қазақстанның еңбек нарығында өз түзетулерін енгізді. Осыған байланысты, WDC (Еңбек ресурстарын дамыту орталығы) елдегі жұмыспен қамтуға пандемияның әсерін зерттеуге арналған «COVID-19 пандемиясы аясында Қазақстан Республикасының еңбек нарығы» атты кезекті талдамалық шолуын дайындады. Соның нәтижесінде орталық сарапшылары бірқатар маңызды тұжырымдарға келді. Мәселен, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) Enbek.kz түйіндемелер мен бос орындар саны төтенше жағдай салдарынан 35%-дан 23%-ға төмендеді. Алайда мамыр айында төтенше жағдай режимі мен қатаң карантин тоқтатылған кезде түйіндеме саны да, бос
Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы еңбек нарығына қалай әсер етті
2 июля 20202 июл 2020
2 мин