28 жылдық тәуелсіздік тәжрибесі, жеке адамға табыну, бір адамның ғана жоспарымен «даму» тоқырауға соқтыратынын көрсетті. «50 елдің қатарына қосылсақ керемет мемлекет боламыз, 2020 жылы халықтың жағдайы ғажайып болады», деген «бағдарламалардың» сағым сияқты қиял екенін халық, «30 елдің қатарына қосылудың бағдарламасы» ұсынылғанда бірақ түсінді. Халықты алдай беруге бола ма?! Онсыз да халық уәдеге сеніп, 30 жыл бойы «қиял қуған» биліктің езгісіне шыдады. Қазір Қазақстан халқы ұрпақ болашағы үшін қандай жолды таңдау қажет екенін анықтау керек. Яғни, мемлекетті дамудың жаңа деңгейіне көтеру үшін революциялық жолмен бе, әлде билікпен келісе отырып, эволюциялық жолмен мемлекеттік жүйені өзгерту қажет пе, соны анықтау керек. Революцияның халық басына қандай ауыртпашалық әкелетінін Украина, Қырғызстан тәжрибелері көрсетті. Халыққа да, билікке де тиімді ортақ нәтиже беретін эволюциялық өзгерістер әкелуге, мақсаттары биліктегілердің баюына бағытталған топ өз еркімен мүмкіндік беретін емес. Б