Мемлекеттік тілге сұраныс туғызып, қазақстандық әрбір азаматты отансүйгіштікке тәрбиелеп, қоғамдық мүддені, жеке бастың мүддесінен жоғары қою үшін, Ұлттық Мемлекет құру қажет. Ол үшін, бірінші кезекте келесі шараларды іске асыру керек. 1.Іс жүргізуді толық мемлекеттік тілге көшіру керек. Осы уақытқа дейін іс жүргізу орыс тілінде жүргізіліп келуіне байланысты, бұл шара өте күрделі. Сондықтан, мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруге әрбір мемлекеттік қызметкерді ынталандыру үшін, еңбек ақы мөлшері, мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне сай тағайындалуы қажет. Мемлекеттік тілді жетік білмейтін қызметкерлерге әрбір үш ай сайын емтихан тапсыруды жүктеу қажет. Екі жылдың ішінде мемлекеттік тілді жетік меңгермеген қызметкерді, мемлекеттік қызметтен босату қажет. 2.Барлық мектептерде білім беру 5 сыныпқа дейін тек қана мемлекеттік тілде, мемлекет құраушы қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті негізінде жүргізілуі керек. Бұл шара мемлекеттік тілді меңгеруді қамтамассыз