Қазақтардың орыс тілін білмейтіндері саусақпен санарлық. Ал, олардың ішінде ана тілін жартысынан көбі білмейді және білгісі келмейді. Себебі, қазақ тілі ресми қолданыстан «шығып қалған». Яғни, қазақ тіліне сұраныс жоқ! Демек, орыс тілі қазақ халқының өзін екіге бөліп отыр. Олар - қазақтың тілін, әдебиетін, мәдениетін сақтап келе жатқан нағыз қазақтар және орыс тілді «қазақтар». Ең қорқыныштысы, қазіргі үкімет басындағы орыс тілді «қазақтар» көрші елдің тілін ғана емес, мәдениетін де бойына сіңіргендіктен, мемлекеттік тілдің, мемлекет құраушы қазақ халықтың болашағы үшін олардың басы ауырмайды. Сонымен бірге олар өздерінің, ұрпақтарының болашағын да Қазақстанмен байланыстырмайды! Оның дәлелі, мемлекет қазынасына қолы жететін саяси қызметтегі орыс тілді «қазақтардың» негізгі мақсаты, мемлекет қаржысын көбірек жымқырып, шет елде өздеріне «мәңгілік қор» жасау. Олардың ұрпақтары шет елде өмір сүруде.
Орыс тілі мемлекеттік қолданыста енді бір он жыл болса, қазақтың тіліне ғана емес, мемлекеттігіне де қауіп төнуі мүмкін! Бұндай жағдайда, орыс тілін ресми түрде конституцияға кірігізіп, ресми қолданыста қалдыруға бола ма?!
(Жалғасы бар).
Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!
«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!» Ұлттық қозғалысы
Қозғалысқа қосылыңыздар!