Найти в Дзене
Base Arna

​​Жолақысын төлеу мен ақша аудару енді Telegram арқылы қолжетімді

Жоба Beeline Қазақстанның Дана чат-ботын мессенджерге біріктірудің арқасында жүзеге асырылды.
Чат-бот арқылы төлеу мүмкіндігі бес қалада бар, олар: Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Петропавл.

Көлікте жолақы төлеу үшін:
• Telegram арнасындағы Beeline Dana Official Bot чатында авторизациядан өту керек (чат-ботқа алғаш кірген сәтте керек);
• «Көлікте төлеу», «Жолақы» және т.с.с. сөздері бар хабарлама жіберу қажет, бұларға әлі көптеген синоним қосылады;
• Осы хабарламаға жауап ретінде Дана осы сервис туралы ақпарат пен төлеу мүмкіндігі бар пернені жібереді;
• Төлеу пернесін басасыз;
• Көлік кодын енгізу керек (көлік коды автобус салондарындағы жапсырмада көрсетіледі);
• Жолақы мобильді теңгерімнен ұсталады;
• Билет SMS түрінде келеді.

Теңгерімнен теңгерімге аудару үшін:
• Telegram арнасындағы Beeline Dana Official Bot чатында авторизациядан өту керек (чат-ботқа алғаш кірген сәтте керек);
• «Аударым», «Ақша аудару» және т.с.с. сөздері бар хабарлама жіберу қажет, бұларға әлі көптеген синоним қосылады;
• Жауап ретінде Дана қай нөмірден аудару керек екенін сұрайды;
• Ары қарай алушының нөмірін көрсету керек;
• Аударым сомасын көрсету қажет;
• SMS-код алып, оны енгізу керек;
• Сәтті аударылғаны туралы SMS алыңыз.