Ұлттық банкте онлайн-төлемдер мен картаны қолданып төлеу саны күрт өскені белгіленді. 2020 жылдың қаңтар-сәуір аралығында төлем карталарын қолданатындар 12,3 трлн теңге көлемінде 714,6 млн операция жасаған. Бұл былтырмен салыстырғанда 73% және 52%-ға жоғары. Қолма-қол ақшасыз төлемдер 39%-дан 62%-ға өсті.
Тұрғындар көбінесе онлайн-төлемдерге жиі жүгінеді екен. Бұл уақыт аралығында онлайн-қызметтер арқылы 48,7 млрд теңге сомасындағы 2,6 млн операция жасалған. Төлем карталарын қолданатындар күніне 5,1 млн операция жасаса, ақшаны шешіп алу бойынша 827 мың операция жасалған. Ұлттық банктегілер картаны қолданатындар саны да артқанын жеткізді.