Қазақстанның ежелгі қала мәдениетінен сыр шертетін Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстары барысында археологтар тағы бір бірегей жәдігерді - XVII-XVIII ғасырға жататын керамикалық ысқырғышты тауып алды. Жәдігер ысқырық ойыншықтар тобына жатады. Музыкалық аспап ретінде де пайдаға жараған болуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан ғылыми-зерттеу институты қолға алған «Күлтөбе қалашығы тарихи нысандарын реставрациялау» жобасының ғылыми қызметкері Руслан Шербаевтың айтуына қарағанда құс сипатты ысқырғыш топырақтан жасалған. Археологиялық жәдігерлердің сирек кездесетін түріне жатады. Оның көлемі шамамен 5,0 см. Беті қызыл арнайы бояу – ангобпен сырланған. Ойыншықтың үш тесігі бар: ысқырғыштың құйрық тұсында ерін тигізер бөлігі болса, оның ізінше үрлеуіш арнасы басына дейін жалғасады. Аспаптың құйрық тұсында кішкентай сыбызғы – үрлеуіш арнамен байланысып жатқан диаметрі 6 мм-лік тесігі бар. Сыртынан қарапайым ғана көрінетін осынау жәдігер әртүрлі дыбыс шығарады. «Дәл осындай
Археологтар Күлтөбе қалашығынан балалардың ертедегі ойыншығын тауып алды
5 июня 20205 июн 2020
1
2 мин