Қазақ киносының алтын қазынасы «Қазақфильм» мейірім мен өмірге құштарлыққа толы фильмдерімен белгілі. Олар әке-шешеміздің жастық шағынан сырт шертіп қана қоймай, балалығымыздың естелігі іспетті. Ендеше, қазақ киносының алтын қорынан арнайы үздік фильмдерді іріктеп алдық. 1. «Менің атым — Қожа» Бердікбек Соқпақбаевтың аттас шығармасына түсірілген бұл фильмдегі кішкентай Қожа қай-қайсымызды қызықтырып қана қоймай, мейірімді ұстаздарға сыйластығымызды арттырып, ана махаббатын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 2. «Қыз Жібек» Бір-бірін шын сүйген екі жастың қосылмай кеткен тағдыры. Режиссер Сұлтанбек Қожықовтың бұл туындысың сценариін Ғабит Мүсірепов, әуені мен ән мәтіндерін Қадыр Мырза Әли мен Нұрғиса Тілендиев жазған. Ал басты рөлдерді сомдаған Құмар Тастанбеков пен Меруерт Өтекешева кино түсірілімі аяқталған соң отау құрып, берекелі отбасының үлгісіне айналды.⠀ 3. «Көксерек» Мейірімді әже мен қатал ағасының қолындағы Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап аладын. Жетім қалған баланың ең