Найти тему
Base Arna

iPhone 13-тің құпиялары белгілі болды

iPhone 13 камерасы шаршы блокқа орналастырылған 4 сенсорлы болмақ. Fudge инсайдері хабарлағандай, құрылғының екі 64-мегапиксельді объективі болады, олардың біреуі алтылық сандық ұлғайтуға ие болмақ. Екіншісі аноморфты линзаның арқасында жоғары детализациялы бейне түсіре алады.

Төрт сенсорлы камераға LiDAR 4.0 сенсорын қою жоспарланған. Ол кадрдың тұнықтығы мен қосымша функциялар үшін жауап береді. iPhone 13 таныстырылымы 2021 жылы болады, сол себепті Apple өзгерістер енгізуі де мүмкін. Ақпараттың таралып кеткенін ескерсек, аталған қосымшалар iPhone 12 табылуы әбден мүмкін.