Найти тему
Base Arna

Қазақстандық ұялы байланыс әлемдегі орта есептегі бағадан 30%-ға арзан

Бұл жайлы Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин айтып берді. Ұялы байланыс шығындары үлесінің индексі елімізде 0,7 құрайды. Әлемде бұл индекс көрсеткіші барлық шығындардың 1%-ы. Juniper Research мәліметтеріне сүйенсек, ұялы операторлардың әр қолданушы үшін 2018 жылғы орташа табысы 10 доллар, Орта Азия мен Шығыс Еуропада - 8 доллар, Солтүстік Америкада - 45-50 доллар.

Мамандардың айтуынша, ҚР бір абоненттен түсетін орташа табыс үш жыл бұрын 3,6 доллар болған, қазір де солай. Бірақ ол кезде интернет 6 есеге аз қолданылған. Қазір орташа клиент айына 10 Гб жұмсайды.