Қазақстандықтар үшін енді көлік номерінің көшірмесін eGov сайтынан алуға болады. Жоғалған немесе ұрланған тіркеу номерін осылайша қалпына келтіре аласыз.
Қызметті қолдану үшін eGov тіркеліп, "Көлік пен коммуникациялар", "Автомобильді көлік түрі" таңдап, "Көліктің тіркелген мемномерінің көшірмесін алу" пернесін басып, қызметті онлайн алуды таңдау қажет. Берілген кестені толтырып, ЭСҚ қоясыз. Жеке кабинетіңізге өтініміңіз қашан орындалатыны жайлы хабарлама келеді. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді. Мемлекеттік баж құны бір номерлік белгі үшін 1,4 АЕК болса, екі белгі үшін 2,8 АЕК құрайды.
Бірнеше көлігіңіз болған жағдайда әрқайсына бөлек өтінім беру қажет.
Автокөлік номерін онлайн түрде қалпына келтіруге болады
1 июня 20201 июн 2020
1
~1 мин