Павлодар қаласынан 215 шақырым жерде Тегістік деген кішкентай ғана ауыл бар. Атам заманнан мал бағып, адал еңбегін Жер-анамен бірге көрген бұл ауылда қазір 15-ақ үй қалған. Әлі де қой бағып, қыста қорада, жазда жайлауда өмірі өтеді бұл халықтың. Әңгімемізге арқау болған тоқсанның үшінші жылынан асқан Сәруар әже де осы ауылдың тумасы. - Әже, - дауысымды шығарып жанына келемін. Креслода отырған әжем қолындағы “Мұнараның” кезекті санын алып тастап, маған қолын береді. Бетіме мұқият қарап: - Ернарымбысың? - дейді сұраулы көздерімен қуана. Басымды изеймін, - "Анаң ғара, аманбысың ботақаным, құлыншағым?!" - қолымды кеудесіне қарай тартады -- онысы бетіңді сүйемін дегені. Бетімді жақындатып, сүйгіздіріп аламын. Қал-жағдай сұрасқан соң сауалдары басталады. Қайдасың, аман-есен жүрсіңбе дейді де, әдеттегідей сұрағын тағы да қояды: Намаз оқуды бастадың ба?, - “жоқ” дегендей басымды шайқаймын.
- Үй кет әрмән! - деп қолымды өзінен алыстатады. Ренжіген түрі әжемнің. Намазға келгенде менен қарағ