Найти тему
Қазақпарат

Көлікті тіркеу бойынша қызмет көрсету уақытша тоқтатылды

Көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Осы жылдың 26 мамырында құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және «Электронды үкімет» порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады», - деп хабарлады әкімшілік полиция комитеті

Комитет осыған байланысты келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданады.