Найти тему
Base Arna

Қазақстандықтар кез-келген әлеуметтік төлемақыларды ұялы телефонның балансына ала алады

Пилоттық жоба ТЖ кезіндегі төлемдерді бергенде іске қосылған. Beeline компаниясы «КазЕвроМобайл» және Wooppay қызметтерімен бірлесіп ұялы телефон балансына төлемақы түсіру жобасын қолға алды. Банк карталарына аудару мүмкіндігі болмағандарға осындай жағдай жасалған еді.
Қаражат түскен уақытта SMS-хабарлама келеді. Кейін ақшаны Halyk Bank банкоматтары мен Қазпошта бөлімдерінде комиссиялық төлемсіз шешуге болады.