Киров атындағы солтүстік қазақстандық зауыты электронды өнім шығаруға дайындық үстінде. Өндіріс үшін 6 мың шаршы метрді құрайтын цех құрылысы қолға алынды. Қазір ол үшін зауыт аумағында орналасқан 1940 жылғы ғимараттарды бұзу жұмыстары басталды.
Цех құрылысы шамамен алғанда 500 млн теңгеге түспек. СҚО-лық компьютерлерді нарықтағы бағадан 15-20%-ға төмен сатамыз дейді ұйымдастырушылар.
Қазір Microsoft-пен дистрибьюторлық келісімге отырудамыз, оның арқасында Windows операциялық жүйесін серіктестік бағамен алуға болады. Компания Ирландияда орналасқан. Сонымен қатар, қытайлықтармен де келіссөздер жүргізудеміз, олар бізге 5 мың компьютерге жетерлік құрал жіберді,- дейді әкімдіктегілер.
СҚО зауыты Microsoft-пен дистрибьюторлық келісім жасаспақ
25 мая 202025 мая 2020
~1 мин