Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың жаңа тәртібі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстанда ресми түрде төтенше жағдай тәртібі аяқталды. Бұған қарамастан, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін көптеген аймақта карантин шаралары жалғасуда. Пандемия жағдайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО ғимараттарында азаматтардың көп жиналып қалмауын және вирус жұқтыру ықтималдығын азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар нақты шара қабылдады. ХҚО жұмысының жаңа форматы Енді қазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, қағаз нұсқасында қызметтерді ғана ала алады. Бұл шамамен 100 мемлекеттік қызмет, оларды алу үшін ХҚО-ға бару қажет. Сондай-ақ ХҚО-дан egov.kz порталы арқылы онлайн түрде рәсімделген қызметтердің дайын нәтижесін алуға болады. ХҚО-ға енді алдын ала брондау арқылы ғана баруға болады. Айта кету керек, өзгерістер тек Нұр-Сұлтан, Алматы ж