Найти тему
Base Arna

Қазақстанда еңбекақыларын басқару бойынша ТМД елдеріндегі жалғыз платформа құрылды

Сервистің негізін қалағандар Astana Hub акселлераторында іріктеуден өтті.
UBS Group AG атты ірі швейцарлық қаржы холдингі есебінің мәліметінше әлемдік қаржы технологиялары индустриясының жылдық табысы үстіміздегі онжылдықтың соңыңда 3 есе өсіп, 2030 жылға қарай $500 млрд құрайтын болады. Атап өтпесек болмас, біздің елдің өкілдері де аталған нарыққа қосыла бастады.

Astana Hub акселлерациялық бағдарламасының қатысушылары бұл саланың үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын ескеріп, жеке қаржылық сервистерін ұсынды - Pay Day. Бұл платформа қолданушыларына өз жалақысын басқаруға мүмкіндік береді.

Құрастырушылардың бірі Тамерлан Кокуштың айтуынша, аталған қызметтің аналогтары АҚШ, Ұлыбритания мен Канада елдерінде үлкен сұранысқа ие. Ал Тұманды Альбионда Джефф Безос, Марк Цукерберг пен Билл Гейтс сынды ірі кәсіпкерлер бұл жобаға 19.7 млрд теңге салды.

Сонымен бірге Тамерлан Қазақстан қаржы технологиялары индустриясын дамыту жолына түскенін атап өтті, бұған дәлел ретінде отандық Kaspi Bank пен Wooppay қосымшалары. Сервистің техникалық іске қосылуы ғана іске асқанымен, жоба Ресейлік Smart Finance компаниясының көзіне түскен екен. Қазақстандықтардың инновациялық жаңалығы не береді? Не себепті стартапшылар оқу үшін Astana Hub акселераторын таңдады? Бұл төңіректегі сұрақтарға жеке тоқталып көрелік.

Сұрақтарға Pay Day сервисінің негізін қалаушысы, Future Capital Technologies IT-компаниясының директоры Тамерлан Кокуш жауап береді. Жасы - 24, туған жері - Көкшетау.

Тамерлан, өз стартапыңыз жайлы айтып беріңізші. Бұндай идея Сізге қалай келді?

Біздің Future Capital Technologies атты IT-компаниямыз бар. Негізгі бағытымыз ескіріп қалған процесстерді шешудің оңай, әрі нәтижелі әдісін ұсынатын IT-жобаларды іске асыру. Біз бұндай процесстерді анықтап, зерттеп, жеңілдету жолын табамыз. Талдау жұмысын жасаған соң, адамдардың микроқаржы ұйымдары мен банктерден қарызды көбінесе бірінші қажеттіліктегі заттарға ие болу үшін алатындарын анықтадық. Жоғары пайыздық өсімдер мен айыппұлдарды есептеп шыққанда, қолданушылар үлкен шығын жасайды. Бұған бірден бір себеп біздің елімізде жалақының аванстық түріне оңай қолжетімділіктің жоқтығы немесе бұндай ақы түрін алудың өзіндік шарттары көп, әрі күрделі болады. Осылайша біз Pay Day сервисін құрдық. Қызмет техникалық тұрғыда 2019 жылдың желтоқсанында іске қосылды. ТМД елдерінде жалақыны басқаруға арналған жалғыз платформа осы.

Демек әлемде бұл тектес қызметтер бар?

Pay Day сынды бағдарлама Ұлыбританияда іске қосылған. Британдық сервистің сынамалы нұсқасын 20 мың қызметкер мен 25 серіктес компания қолданып көрді. Барлығының да қызмет жайлы пікірлері жақсы болып, басым бөлігі платформаны тұрақты түрде, кем дегенде айына бір рет қолданатындарын алға тартты. Құрастырушылардың айтуынша, ақша қызметкерді кедейліктен, несиелер мен қарыздардан алшақтай алады.

Pay Day қалай жұмыс жасайды?

Сервистің жұмыс әдісі қарапайым. Шұғыл түрде ақша қажет болған жағдайда https://paydayservice.kz сайтына кіріп, жұмыс айының кез-келген күнінде бір пернені түрту арқылы ғана өз жалақыңыздан аванс ала аласыз. Басшылыққа өтініш жазып, болмаса олардың жауабын күтудің қажеті қалмайды. Авансты алуда шектеу жоқ. Қаражаттың барлығын Сізге PayDay сервисі төлейді, кейін оны жұмыс берушіңіз жалақы берілетін күні қайтарады.

Pay Day сервисін сынамалы түрде "Стандарт Цемент" зауытында іске қосу 2020 жылдың наурыз айына жоспарланған, алайда коронавирус пандемиясы мен елдегі ТЖ байланысты жобаның басталуын кейінге қалдыруға тура келді.

Өз жобаңыз үшін не себепті Astana Hub акселлераторын таңдадыңыз?

Ағымдағы жылдың ақпанында біз Astana Hub акскллераторына қатысуға өтінім бергенбіз. Жобамыз 175 өтінім арасынан іріктеуден өтті. Бұл жерде біз заңнамалық және техникалық сұрақтардың жауабын аламыз. Ал жас компания үшін бұл аса маңызды. Оған қоса бұл жерде тәжірибелі маман Александр Дорошенконың (Wooppay негізін қалаған) жетекшілігіндеміз.

Қазір сервисімізге адамдардың өмірін жеңілдету үшін қандай қызықты, әрі ыңғайлы дүниелер қоссақ деп ойлап отырмыз.

Сіздің қаржылық моделіңіз қалай жұмыс жасайды? Қарыз беруге қаражат қайдан алынады?

Біздің инвесторымыз бар, салым жасалған соң, банкте несие ашылады немесе овердрафт әдісі.

Қаржы нарығындағы рецессияға байланысты, біз барлық компаниялармен жұмыс жасауға дайын емеспіз. Клиент банкротқа ұшыраса біздің шығын көбейеді, сол себепті бәрімен бірдей жұмыс жасай беру қауіпті.

Жеке мәліметтер, соның ішінде қаржы деректері қалай қорғалады?

Біз Wooppay жүйесінің API қолданамыз. Ол қауіпсіздік пен шлюзге жауап береді.

Қарыздың максималды сомасы қандай?

Бұл қарыз емес, жұмыс істеген уақыты үшін берілетін аванс. Егер адамның жалақысы 200 мың болып, ол 15 күн жұмыс жасаса, жалақысының жартысын немесе одан да төмен сома алады. Біздің табысымыз жеке тұлғалар төлейтін комисияларға негізделген.

Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ашылғаннан бері акселлерация бағдарламасынан 138 стартап өтті, оның 72%-ы нарықта нәтижелі жұмыс жасауда (Kompra, Smart Remont, Clockster, Doq.kz, KidSecurity, EduTech). Бұл көрсеткіш Еуропа мен АҚШ акселераторларымен салытыруға тұрарлық. Сонымен бірге Startup Genome халықаралық зерттеу ұйымының жоғары бағасына ие болды.