«Цифрлы азаматтық» инновациялық шешімдер конкурсының қазылар алқасы мен ұйымдастырушылары коронавирус індетінің нәтижесінде аса қатты зардап шеккен салалардағы ең тиімді және пайдалы жобаларды таңдап алды. Конкурстың жалпы гранттық қоры 6 млн теңге.
Шараға демеушілік жасағандар: SecDev Foundation, Сорос-Қазақстан Қоры және Касперский зертханасы. Конкурс 24 сәуірден бастап 15 мамырға дейінгі кезеңде өтті. Жалпы алғанда 254 адамды құраған командалардан 107 өтінім түсті. Қазылар алқасы конкурстың міндеттеріне сай келетін 15 жобаны таңдап алып, олардың авторларымен питчинг өткізді.
Сонымен, қаржылық қолдау көрсетуге арналған жобалар:
- орта және жоғарғы оқу орындарында әртүрлі тесттерді, сондай-ақ тесттердің басқа да түрлерін өткізуге арналған онлайн-платформа. Команданың өкілі - Мирас Советов;
-supermomsclub.app - жүктілікті жүргізуге арналған қосымша. Жүкті немесе жүктілікті жоспарлап отырған әйелдер дәрігерлерден кеңес сұрап жүгіне алатын және өзге пайдаланушылармен кеңестерімен, ұсын