Найти в Дзене
Қазақпарат

Пандемия жалпы жағдайды қайта қарауға мәжбүрлеп отыр - сарапшы

ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Сабина Садиева Қазақстандағы мемлекеттік саясат жүйесіне жүргізілген тәжірибелік зерттеу қорытындысын жария еттідеп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зерттеу барысында біз көптеген шешім қабылдап, «алдымен адам» қағидатының сүзгісін енгіздік. Мемлекеттік басқару үшін бұл қағидаттың маңызы қандай? Біріншіден бұл – дәл осы қағидаттың негізінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Бұл дегеніміз қарапайымдылықты білдіреді. Нақтырақ айтқанда мемлекеттің күн тәртібі Жалпы ішкі өнімнің үлесін арттыру бәйгесін екінші кезекке қалдыра отырып, негізгі өлшем ретінде әлеуметтік тұрмысты, өмірдің сапасы мен адамдардың қанағаттануын бірінші кезекке қояды», - деді сарапшы зерттеу қорытындысын таныстыру барысында.

Сабина Садиева дәл осы қағидаттар мемлекеттік жоспарлау әдімтемесін қайта қарау секілді күрделі жұмыстарды еңсеруге әкелетінін жеткізді.

«Мемлекеттік саясат бағдарламалық құжаттардың көмегімен тіркеледі. Қазір бізде бұл құжаттарды әзірлеу ережесі қалыптасқан. Алайда оларға нәтижеге жету құралдары жетіспейді. Бағдарламалық әрі өзара ықпалдасу логикасы аздау. Өзгерістер теориясы мен нәтижелерді құру ізі деген бар. Осының бәрі мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарын айқындап, адамдардың өлшемімен мемлекеттік саясатқа баға беруге мүмкіндік береді», - дейді сарапшы.

Сабина Садиева коронавирус пандемиясы жоспарлаудың жоғарғы бөлігіндегі амал-әдістерді қайта қарастыруға мәжбүрлеп отырғанын айтып өтті.

«Өзіміз қалаған өзгерістерді тереңірек жазып, солармен индикторларды түзген кездегі амал-әдіс есептерді басқаруда нәтижені аздығына әкеп соғады. Сол себепті жолға қойылған интервенциялар логикасы индикаторлардың өзінен де маңызды», - деп түйді сарапшы.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/pandemiya-zhalpy-zhagdaydy-kayta-karauga-mazhburlep-otyr-sarapshy_a3651202