ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздің музей ісі мамандарын Халықаралық музей мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «18 мамыр – бүкіләлемдік қауымдастық үшін ерекше күн. Бұл күні Халықаралық музей мерекесі атап өтіледі. Музейлер мәдени, тарихи және көркем мұраны сақтайды. Музейлер әрбір адам баласы үшін демалыс және өзін-өзі жетілдіру орны. Музейлерсіз қоғамның интеллектуалдық, мәдени, білім беру деңгейін көтеру мүмкін емес. Яғни, музейлер өз елінің және әлемдік өркениеттің мәдени және рухани мұрасын сүюге және түсінуге үйретеді», - деді министр. Оның атап өтуінше, халықаралық көрмелік жобалар қазақстандық көрермендерге шетелдік музейлердің түрлі маңызды көрмелерімен танысуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Мемлекеттік Эрмитаж, Третьяков галереясы, Францияның Ұлттық музейлерінің бірлестігі – Гранд Пале, Лондонның Виктория және Альберт музейі, Шэнси провинциясының тарихи музейі (Сиян қ.), Ислам мәдениеті музейі (Каир қ., Египет), іске асырған