Найти тему
Base Arna

​​Билл Гейтс болмаса, Илон Маск: Чиптеудің қыр-сырлары туралы не білеміз?

Джо Роганның подкастына қатысу барысында Илон Маск өзінің жаңа, қызықты жобасы жайлы айтып берді. Анықталғандай, 2016 бері Neuralink аса жіңішке электродтарды істеумен айналысады екен.

Олардың басты функциялары ми клеткаларының бусты. Қалыңдығы адам шашының 1/3 бөлігі. Төрт чип миға орнатылып, өзара байланысады.
Катушка құлақтың артында орналасып, Bluetooth арқылы белгі мен ақпарат береді.

Ең қызығы, бұл технология адамдарға жоғалған көру мен есту қабілеттерін қайтарады. Чиптер мидың зақымданған жасушаларын үнемі тежеп отырады. Осылайша адамдар Альцгеймер ауруы, паникалық шабуылдар мен басқа да бас пен ми аурулары жайлы ұмытса болады екен-мыс. Заманауи протездерді де Neuralink арқылы басқаруға болады. Сау адамдар үшін тіптен қызықты: ақпарат миға тура мағынасында құйылған іспеттес болмақ, тіпті жады көлемін де ұлғайту мен моториканы, жүйке импульстарын басқару мүмкіндігі бар.

Маск бұны өзгелер сынды 2050, 2077 жылдары болады демейді, аталған технология биыл тестілеуден өтеді екен. Адамдарға тәжірибе жасалады, сенесіз бе?!