ТАЛЛИН. ҚазАқпарат – Эстонияның Таллин қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне көшет отырғызылып, жанына естелік белгі қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews сайтына сілтеме жасап. Гүлдеп тұрған тал Солтүстік Еуропадағы әсем де тарихи саябақтардың бірі саналатын Кадриорг саябағындағы аллеяда отырғызылды. Шараны қазақстандық әншінің Эстониядағы «Dimash Estonian Dears» фан-клубы ұйымдастырды. Эстониялық жанкүйерлер 2018 жылы Димаштың Лондондағы концертіне барғаннан кейін, 2019 жылдың наурызында «Dimash Estonian Dears» фан-клубын құрды. «Әншінің туған күніне бір ай қалғанда эстониялық Dears Димашқа қандай сыйлық жасау керектігін ойластыра бастады. Олар сыйлықтың ерекше болуын әрі өмір бойына сақталуын қалады. Фан-клубтың негізін қалаушылардың бірі Улле Круусе танымал тұлғалар есімдерімен аталған аллеяда орналасқан әйгілі Кадриорг саябағында қызмет етеді екен. Фан-клуб әкімшілігі көп ойланбай, Димашқа арнап тал отырғызу керек деп шешкен. Ерекше әрі есте қаларлық
Солтүстік Еуропадағы тарихи саябақта Димаштың атындағы ағаш пайда болды
28 мая 202028 мая 2020
1 мин