Activ абоненттері күн мен түннің кез келген уақытында, демалыссыз және әлемнің кез келген нүктесінде, тіпті пандемиялық шектеулер аяқталған кезде де кезекші дәрігер-терапевттің немесе педиатрдың шектеусіз онлайн-консультациясын ала алады. Дәрігер Мобильді қолданбада немесе mobidoctor.kcell.kz сайтында бірнеше минут ішінде чат, аудио немесе бейне қоңырау форматында байланысқа шығады. Ересек адамның немесе баланың денсаулығына қатысты сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап береді. Консультация ұзақтығы 30 минут аясында. Абоненттер талдауларды ашып, бұрын қойылған диагноз бойынша «екінші пікірге» жүгіне алады, дәрілік заттар бойынша дәрігердің жазбаша ұсыныстарын алып, емдеу жоспарын түзете алады. Жеке кабинетте виртуалды медициналық карта жасалады, ал дәрігермен жүргізілетін чатта емдеуші дәрігердің тағайындауын, зерттеу нәтижелерін немесе суреттерді жүктеуге болады.
Жоспарда үздік жергілікті дәрігерлермен қазақ тілінде кеңесуге мүмкіндік беру көзделген. Қазіргі уақытта «Дәрігер» топтамасы activ абоненттері үшін қолжетімді және Jańa 3990 тарифтік жоспарының құнына енгізілген. Оған қоса, аталған тарифтік жоспарға «Дәрігер+» топтамасы түрінде 699 тг/ай мөлшеріндегі қосымша ақыға upgrade қолжетімді. Сервис арнайы шарттарда ұсынылады. «Дәрігер+» топтамасында кезекші терапевтпен немесе педиатрмен консультациялардың шектеусіз саны және неғұрлым кеңейтілген қызмет көрсету желісі көзделген.
«Kcell» «IMEDICUS» компаниясымен бірлесіп MobiDoctor онлайн медициналық кеңес беру қызметін іске қосуда
27 мая 202027 мая 2020
1 мин